«Абайлаңыз! Балалар!» акциясы » СШ Д.А.Конаев
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Талас ауданының білім бөлімінің
"Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
)Қабылдау бөлімі :
+7(727) 4431374 8(701)7544876
Есепші бөлімі:
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Абайлаңыз! Балалар!» акциясы
13
сентябрь
2019

«Абайлаңыз! Балалар!» акциясы

Дінмұхамед Ахметұлы  Қонаев атындағы Ойық ауылының орта мектебінде

 02-13.09.2019 ж аралығында өткен  «Абайлаңыз! Балалар!» акциясы 

аясында өткен іс-шаралардың мәліметі

         Дінмұхамед Ахметұлы  Қонаев атындағы Ойық ауылының орта мектебінде 02-13.09.2019 ж аралығында оқушыларды жолда жүру ережесімен таныстыру, ережелерді есте  сақтауға үйрету, жол қауіпсіздігін, өз өмірлерін сақтай білуге тәрбиелеумақсатында «Абайлаңыз! Балалар!» акциясы болды. Акция жоспары жасалып бекітілді. Акция аясында төмендегідей іс-шаралар болып өтті:

      02.09.2019 ж мектеп тәлімгері И.Тұрарова «Жол қауіпсіздігі ережелері» тақырыбымен баяндама жасады. 

       03.09.2019 ж мектеп мед бикесі А.Шарипова «Жол апаттары кезінде алатын жарақаттарға  көрсетілетін алғашқы медициналық көмек» тақырыбында мектеп оқушыларына дәріс өткізді. Оқушыларға дәрісте жол апаттары кезінде алатын жарақаттарға  көрсетілетін алғашқы медициналық көмек туралы жан-жақты түсіндірілді.

       02-13.09.2019 ж қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері «Көше және мен» атты шығармалар байқауын өткізді. Байқауға барлық сыныптар қатыстырылды. Олар шығармаларында жол ережелері, жолдағы қауіпсіздік, ондағы келеңсіз оқиғаларды мысалға ала отырып өз ойларын жеткізді.

       02-13.09.2019 ж аралығында бейнелеу өнері пәні мен технология пәні мұғалімдерінің ұйымдастыруымен «Жол белгілері еліне саяхат» тақырыбында сурет байқауы болып өтті. Байқауда балалар тақырыпқа байланысты суреттер салды.   

       04.09.2019 ж бастауыш сынып мұғалімі Г.Көпжігітова «Көшеде жүру мәдениеті» тақырыбымен 1-4-сыныптар арасында дәріс өткізді. Бұл шарада балалар көше туралы, ондағы қозғалыс, ереже туралы толықтай мағлұмат алды. 

        05.09.2019 ж мектеп тәлімгері И.Тұрарова 8-11-сыныптар арасында «Тоқта! Сақтан! Жол ашық!» тақырыбымен жол қозғалысының қатысушыларын жолда сақ болуға шақыру мақсатында флэшмоб ұйымдастырды.

       06.09.2019 ж бастауыш сыныптар арасында 3 «А» сынып жетекшісі А.Тлешеваның ұйымдастыруымен «Жол ережесін сақтаймыз» атты ертеңгілік болды. Ертеңгілік оқушылардың  жолда жүру ережесі туралы білімдерін толықтыру, іс-жүзінде асыра білуге үйрету. Жолда жүру ережелерін ойда сақтай білуге үйрету. Тәртіптілікке, көшеде өздерін дұрыс ұстап жүруге тәрбиелеу мақсатында жүргізілді.  

     09.09.2019 ж 7 «Ә» сыныбы «Жол ережесін білейік, аман-есен жүрейік» тақырыбымен әдеби монтаж қойды. Балалар жол ережелеріне байланысты тақпақтарды жатқа айтып, жолда жүру кезіндегі қауіпсіздік ережелері туралы мәліметтер берді.  

      10.09.2019 ж 9 «Ә» сыныбының ұйымдастыруымен «Жол белгілерін білейік, қауіпсіз өмір сүрейік» атты іс-шара болып өтті. Іс-шарада балалар тақырыпқа сай жұмыстар жүргізді.  

      13.09.2019 ж «Басталар әр қадамың аттауменен, жол жүру ережесін сақтауменен» тақырыбымен 7 «А» сыныбында (сынып жетекшісі Ж.Аяпбергенова), «Сақтық саулық негізі» тақырыбымен 9 «А» сыныбында (сынып жетекшісі Ж.Төлеу) ашық тәрбие сағаты болып өтті. Бұл сабақтарда жолда жүрген кездегі қауіпсіздік ержелері толықтай жан-жақты балаларға түсіндірілді.  

      13.09.2019 ж мектеп тәлімгері И.Тұрарованың ұйымдастыруымен 4-5-сыныптар аралығында «Өмірімізді сақтайтын бағдаршам» тақырыбында іс-шара өткізілді. Іс-шарада балалар жол белгілері, бағдаршам туралы көрініс қойып, өлең шумақтарын, тақпақтарды жатқа айтты. Оқушылар осы өлеңдегі оқиға желісі бойынша өз пікірлерімен бөлісті және жұмбақтар шешіп, сұрақтарға жауап берді. онда оқушылар жол белгілері туралы, бағдаршамның қажеттілігі, пайдасы, тарихы жайлы толық мағлұмат алды.  



Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив