Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев атындағы Ойық ауылы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры Әлімханов Ғылым Жолтайұлының І жарты жылдық қорытындысы бойынша жасаған баяндамасы » СШ Д.А.Конаев
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Талас ауданының білім бөлімінің
"Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
)Қабылдау бөлімі :
+7(727) 4431374 8(701)7544876
Есепші бөлімі:
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев атындағы Ойық ауылы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры Әлімханов Ғылым Жолтайұлының І жарты жылдық қорытындысы бойынша жасаған баяндамасы
14
январь
2026

Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев атындағы Ойық ауылы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры Әлімханов Ғылым Жолтайұлының І жарты жылдық қорытындысы бойынша жасаған баяндамасы

«Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы

Талас ауданының білім бөлімі

Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев атындағы Ойық ауылы  орта мектебі»  коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры

  Әлімханов Ғылым Жолтайұлының 

І жарты жылдық қорытындысы бойынша жасаған

баяндамасы


Құрметті  қамқоршылық кеңес мүшелері, төрағасы және ата- аналар!

Бүгінгі есеп беру жиналысынаОйық ауылдық округінің әкімшілік қызметкерлері, Ойық ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы, мектеп ата-аналар комитетінің төрағасы, әр сыныптың ата-аналар комитетінің төрағалары, мектеп директорының орынбасарлары мен сынып жетекшілер қатысып отыр.

       Құрметті шақырылған қонақтар,  әріптестер!

15 тамызда Астанада еліміздің Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев ұстаздардың республикалық Тамыз конференциясында білім беру саласындағы негізгі басымдықтарды айқындап берген болатын. Осы мақсаттар мен міндеттерді  жүзеге   асыруда мектеп ұжымы аянбай еңбек етіп келеді.

Бүгінгі мектеп оқушылары– ертеңгі ел тізгінін ұстайтын жастар. Білім­ мен тәрбиенің өркендеуі- өркениетіміздің өне­гелі өлшемі. Ұстаздардың мәртебесін асқақтататын өлшемдердің бірі– саналы ұрпақ өсіріп, сапалы білім мен тәрбие беру. 

Биылғы оқу жылын біз дайындық сыныптарымен қоса алғанда 277 оқушымен бастадық.  І жартыжылдықтың  қорытындысы бойынша  2-11 сыныптар арасындағы  232 оқушының 51-і (21%) оқу үздігі болса,  94 оқушы (41,50%) оқу екпіндісі болып, жалпы  62,50% білім сапасын көрсетіп отырмыз.Білім сапасын көтеру жолында  әдістемелік жұмыстардың  тиімді   ұйымдастырылуы мен мұғалімдердің ізденісін арттыратын боламыз.

Төмендегі кестеде сыныптар бойынша білім сапасы беріліп отыр.

Сынып-тар

Оқушы саны

І тоқсандағы білім сапасы

ІІ тоқсандағы білім сапасы

Өсу кему динамикасы

Сынып жетекшісі

1

2 «А»

11

63,63%

63,63%

0%

Г.Көпжігітова

2

3 «А»

15

80%

80%

0%

М. Бошаева

3

3 «Ә»

14

57,14%

64,29%

+7,15%

А.Тлешова

4

4 «А»

15

73,33%

73,33%

0%

А. Сагатаева

5

4 «Ә»

11

63,63%

66,67%

+3,04%

А. Алмабаева

6

5 «А»

19

47,36%

55%

+7,64%

Ә.Нуридін

7

6 «А»

14

57,14%

57,14%

0%

Г. Жұмаділ

8

7 «А»

15

60%

60%

0%

Г. Гаипова

9

7 «Ә»

17

64,7%

64,7%

0%

А. Иргеева

10

8 «А»

15

40%

46,67%

+6,67%

Ф.Тулепбергенова

11

8 «Ә»

15

60%

60%

0%

З. Маханбетова

12

9 «А»

13

53,84%

53,84%

0%

Г. Шарденова

13

9 «Ә»

13

61,53%

69,23%

+7,70%

Ж. Аяпбергенова

14

10 «А»

15

60%

66,67%

+6,67%

Г. Айманбетова

15

10 «Ә»

12

58,33%

+60,75%

+2,42%

С. Жылгелдиева

16

11 «А»

16

37,5%

56,2%

+18,7%

Ұ. Исакова


Барлығы

230

57,8%

62,5%

+ 4,7%





 Жұмыс атқарып жүрген мұғалімдердің сапалық құрамына тоқталсам:

Жалпы мұғалімдер саны

Педагог-зерттеуші

Педагог- сарапшы

Педагог-модератор

Педагог

37

9

10

12

6


Ауыл мектептерінің оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың  І кезеңі

Нәтижесінде іріктеуге  қатысқан 36 оқушының   32 сі    (88.8%) екінші кезеңге ауданға жолдама алды. Облыстық кезеңге 8 оқушы шығып  (25%)  Ілен Айғаным І орын, Әбдіхалық Дания І орын, Нұрғали Алинұр ІІІ орын,Үшкемпір Сымбат Грамота иеленді 100% нәтиже.Екі оқушы Республикаға жолдама алды.Республикадан Әбдіхалық Дәния ІІІ орын иеленді.

Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиадалардың аудандық кезеңіне мектептен 61 оқушы қатысты.Оның ішінде орын алғандары

5-6 сынып бойынша   он екі оқушы қатысып, 6 оқушы орын алды.Бірінші орын алған оқушы жоқ.

7-8 сынып бойынша он тоғыз оқушы қатысып, 10 оқушы орын алды. Екі оқушы 1 орын алып облысқа шықты.7-сынып оқушысы Тазабек Балауса орыс тілі  мен әдебиеті,8-сынып  оқушысы Қонысбек Айсана қазақстан тарихы.

9-11 сынып бойынша он төрт оқушы орын алды.Жеті оқушы екінші орын,бес оқушы үшінші орын алды,екі оқушы грамота алды.9-11 сынып оқушыларынан бірінші  орын алған жоқ.

    Алтын сақа олимпиадасы бойынша 5 сыныптан 5 оқушы қатысып, 2 оқушы ауданға өтті,6 сыныптан 5 оқушы қатысып, 2 оқушы ауданға өтті. 

Алтын түлек бойынша 10-11 сыныптан   5 оқушы қатысып, 10 сыныптан 1 оқушы,11 сыныптан 2 оқушы ауданға өтті.Нәтижесінде Алтын түлек олимпиадасы бойынша  Мейрамбек Нұрсая облысқа жолдама алды. Облыстан                 1 орын алып Республикаға жолдама алды. 

Айқанат олимпиадасынан үш оқушы ауданнан облысқа жолдама алды.Олар:Садубек Диас, Мейрамбек Арайлым, Жапақ Жәния

Мұғалімдердің   жетістіктері

Оқушының аты-жөні

Пәні

Олимпиадалар, байқаулар, конкурстар атауы

Нәтиже

1

 Көпжигитова Гүлзира  

Бастауыш сынып мұғалімі

Бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған «Алтын тұғыр» республикалық олимпиадасының аудандық кезеңі

ІІ орын

Облысқа жолдама

2

 Тлешова Анар

Бастауыш сынып мұғалімі

Бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған «Алтын тұғыр» республикалық олимпиадасының аудандық кезеңі

ІІ орын Облысқа жолдама

3

 Карипжанова Раушан

Бастауыш сынып мұғалімі

Бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған «Алтын тұғыр» республикалық олимпиадасының аудандық кезеңі

Грамота

4

Аликулова Майра

Тарих пәні мұғалімі

«Үздік ашық сабақ» атты пән мұғалімдері ұйымдастырған онлайн байқау

І орын






2025–2026 оқу жылының І жартыжылдығында  әлеуметтік педагогтың жұмысы жылдық жоспар негізінде жүргізілді. Жұмыстың негізгі мақсаты – оқушыларға әлеуметтік-педагогикалық қолдау көрсету, олардың құқықтарын қорғау, әлеуметтік жағдайын бақылау және профилактикалық жұмыстар ұйымдастыру болды.

Оқу жылының басында мектеп оқушыларының әлеуметтік жағдайы анықталып, әлеуметтік паспорт жасақталды.Әлеуметтік санаттағы оқушылардың мәліметтері жаңартылып отырды. Атап айтқанда:

1.Көп балалы отбасы саны-79, ондағы бала саны-193

2.Аз қамтылған отбасы саны-10, ондағы бала саны-24

3.     Тек анасымен тұратын отбасы  саны - 13ондағы бала саны - 21

4.Әкесі қайтыс болған отбасы  саны - 6, ондағы бала саны – 10

Жалғыз басты анасымен тұратын отбасы саны -4, балалар саны-4

6.     Туыстарымен бірге тұратынотбасы  саны - 10, ондағы бала саны - 16

7.Жартылай жетім   отбасы саны-6, ондағы бала саны -10

8.     Толық емес (әке-шешесі ажырасқан) отбасы  саны - 4, ондағы бала саны - 7

І жартыжылдықта  санаттағы оқушылармен жеке жұмыстар жүргізіліп, толық емес отбасы, сенімхатпен тұратын оқушыларға АКТ толтырылды, әлеуметтік көмек көрсету мәселелері қарастырылды.Қайырымдылық акциялары ұйымдастырылып, мектеп тарапынан қажетті қолдау көрсетілді. 

«Мектепке жол» дәстүрлі республикалық акциясы аясында Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев атындағы Ойық ауылы орта мектепте 2025 жылғы                               1  шілде мен     30 қыркүйек аралығында өткізілді.

Акцияның мақсаты – аз қамтылған, көпбалалы, толық емес отбасылардан шыққан, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға жаңа оқу жылына дайындалуға көмек көрсету, балалардың мектепке толық баруын қамтамасыз ету.

Акция барысында мектеп әкімшілігі, ұстаздар, ата-аналар және демеушілердің қолдауымен жалпы сомасы   300 000 теңге көлемінде көмек көрсетілді.

Көмек түрлері:

мектеп формасы – 5 балаға;

аяқ киім – 5балаға;

оқу құралдары – 2балаға;

портфельдер – 2балаға;

басқа да қажетті заттар (мысалы, спорт киімі, сырт киім т.б.) – 5 балаға.

Барлығы 7 оқушы көмекпен қамтылды.

Акцияға мектеп ұжымы, әкімшілік , ата-аналар комитеті, жергілікті кәсіпкерлер  белсене қатысты.

Акцияның нәтижесінде әлеуметтік тұрмысы төмен отбасылардың балалары жаңа оқу жылын толық дайындықпен бастады.

Құқық бұзушылықтың, буллингтің, сабақтан себепсіз қалудың алдын алу мақсатында профилактикалық іс-шаралар өткізілді. Оқушылармен және ата-аналармен түсіндіру жұмыстары тұрақты жүргізілді.

Сынып жетекшілері, мектеп психологы, әкімшілік және ата-аналармен бірлесе отырып:

рейдтік жұмыстар;

тұрмыстық жағдайды зерттеу;

кеңес беру жұмыстары;

тәрбиелік бағыттағы кездесулер өткізілді.

Мемлекет басшысы Ұлттық құрылтайдың төртінші отырысында «Біртұтас тәрбие»  бағдарламасының атауын «Адал азамат» деп өзгерту туралы шешім қабылдады.  Бағдарлама бұған дейін іске асырылған бастаманың толыққанды жалғасы болып табылады. Бағдарламаның түпкі мақсаты «Адал  азамат» тұжырымдамасының идеалдарына сай, патриоттық рухта тәрбиеленген,  білімді әрі жасампаз ұрпақты қалыптастыру.

Бағдарлама мазмұнына сәйкес ай сайын өткізілетін тұрақты іс-шаралар білім 

алушылардың біртұтас тұлғасын қалыптастыруға бағытталды.

• Қыркүйек – еңбекқорлық және кәсіби біліктілік айы;

• Қазан – тәуелсіздік және отаншылдық айы;

• Қараша – әділдік және жауапкершілік айы;

• Желтоқсан – бірлік және ынтымақ айы;

    Тәрбие саласында  «Еңбегі адал жас өрен», «Жеткіншектің жеті жарғысы», «Балалар кітапханасы», «Ұлттық мектеп лигасы», «Қайырымдылық», «Қарттарға қол созу», «Таза аула», «Жасыл мектеп», «Эковолонтерлер» , «Экологиялық  мониторинг»,  «Экологиялық туризм», «Экологиялық тұтыну», «Қайта өңдеуге  екінші өмір сыйла», «Мектептегі энергияны үнемдеу», «Судың да сұрауы бар», Қолөнер шеберханасы», «Мектеп қабырғасындағы бизнес», «Аспаздық жоба», Бейбіт күннің батырлары», «Өнер мен құндылықтар», «тарихқа құрмет»,   «Менің отбасымның  өмір жолы», «Уақытты басқару  және өзін өзі ұйымдастыру», «Күнделікті дұрыс тамақтану», «Жаман әдеттерден аулақ болу», «Спорт және мен», «Қауіпсіздік және алғашқы көмек», «Психологиялық  әл ауқат және стреске төзімділік», «Ұйқы мен оның денсаулыққа әсері», «Экранға тәуелділік: қазіргі жаман әдет», «сандық гигиена» жобалары бойынша жұмыстар атқарылып, сайтта қорытындысы жарияланды.

"Ынтымақ жүрген жерде ырыс бірге жүреді" деп   дана халқымыз бекер айтпаса керек,   мектеп ұжымы мен қамқоршылық кеңес құрамы бірлесе атқаруға тиісті  жұмыстарымызға   алдағы уақытта да сәттілік тілеймін.

Назар қойып тыңдағандарыңызға рахмет!






Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив