Ғ. Әлімхановтың 2018 жылғы 17 қазандағы «Қамқоршылық кеңесі» алдындағы есебі
Талас ауданы әкімдігінің білім бөлімі Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев атындағы Ойық ауылы орта мектебінің директоры Ғ. Әлімхановтың 2018 жылғы 17 қазандағы «Қамқоршылық кеңесі» алдындағы есебі
Құрметті қамқоршылық кеңес мүшелері, төрағасы және ата- аналар!
Бүгінгі есеп беру жиналысына Ойық ауылдық округінің әкімшілік қызметкерлері, «Нұр Отан»партиясының Талас аудандық филиалының Ойық ауылдық бастауыш партия ұйымының өкілдері, Ойық ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы, мектеп ата-аналар комитетінің төрағасы, әр сыныптың ата-аналар комитетінің төрағалары, мектеп директорының орынбасарлары мен сынып жетекшілер қатысып отыр.
Құрметті шақырылған қонақтар, әріптестер!
Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың қазан айындағы Жолдауы- қазақ көшбасшысының көрегендігін кезекті рет көрсетті. Жолдауда Қазақстан азаматтарының тұрмыс-ахуалын арттыруды көздеген әлеуметтік шаралар жасау тұрғысындағы мақсаттарды белгілеп отыр. Осының өзімен ел Көшбасшысы мемлекеттік саясаттағы ең басты капитал – адам екендігін дәлелдеді. Үкіметке тапсырма ретінде берілген – білім және денсаулық сақтау саласын жетілдіру, еңбекақыны көбейту, халық табысын арттыру, мемлекеттік қызмет көрсетулердің жақсаруы – міне, адам капиталын инвестициялауға жасалған осы шаралардың бәрі қазақстандықтардың өмір сапасының артуына кепіл болары сөзсіз. Бүгінгі мектеп оқушылары– ертеңгі ел тізгінін ұстайтын жастар. Білім мен тәрбиенің өркендеуі– өркениетіміздің өнегелі өлшемі. Ұстаздардың мәртебесін асқақтататын өлшемдердің бірі– саналы ұрпақ өсіріп, сапалы білім мен тәрбие беру. Елбасымыз Тәуелсіз Қазақстанның келешегі қашанда қоғамдағы білім деңгейіне тәуелді екенін үнемі алға тарады. Білім беру саласындағы сенім мен жауапкершілікті арқалаған ұстаздардың қоғамдағы рөлі мен олардың әлеуметтік жағдайының жоғары болуын негізге ала отырып, Елбасы кезектегі Жолдауында білім беру жүйесін дамытудың маңызды стратегиялық бағыттарына басымдық берді.
Қазіргі кезде егемен елімізде білім берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алды. Былтырғы жылы 1,2,5,7 сыныптар жаңартылған білім беру мазмұны бойынша білім алса, биыл 3,6,8 сыныптар осы стандартқа қосылып отыр. Білім алушыларға жаңартылған білім беру мазмұны бойынша курстардан өтіп сертификатталған мұғалімдер сабақ беруде. Мектепте жұмыс атқаратын 43 мұғалімнің 36- сы курстардан өтіп, сертификатталған. Үш тілде білім беруді дамытудың2015–2020 жылдарға арналған жол картасы негізінде ағылшын тілін меңгеру мақсатында курстан өткен мұғалімдер қазіргі кезде 8 сынып оқушыларын физика, биология, информатика, химия пәндері бойынша ағылшын тілінде оқытуды бастады.
Былтырғы оқу жылын біз дайындық сыныптарымен қоса алғанда 334 оқушымен бастап, 325 оқушымен аяқтадық. 1- 11 сыныптар арасындағы 295оқушының 87-сі (29%) оқу үздігі болса, 110 оқушы (38%) оқу екпіндісі болып, жалпы өткен оқу жылында 67% білім сапасын көрсеттік. 2016-2017 оқу жылымен салыстырғанда 6 % жоғарыладық. Бұл сапалы нәтижеге әдістемелік жұмыстардың тиімді ұйымдастырылуы мен мұғалімдердің ізденісі арқасында қол жеткізіп отырмыз.
Былтырғы оқу жылы мектеп ұжымы, оқушылары үшін табысты жылдардың бірі болды.ҰБТ тапсырған 22 оқушының 18- і ЖОО, 2 оқушы колледжге түсіп 16 оқушы грант иегері атанды.
Республикалық пәндер олимпиадасының аудандық ІІ кезеңін мектебімізден 11 пән бойынша жеңімпаз болған 19 оқушы қатысты. Нәтижесінде 19 оқушының 15-і жүлдегерлер қатарынан көрінді. Яғни 79 % сапа көрсеттік. Екі оқушымыз Қосалы Дана- Қазақ тілі мен әдебиеті (мұғ: Төлеу Жансая), Байгел Аружан (мұғ: Құранбеков Ғабиден ) Қазақстан тарихы пәні бойынша І орын алып, облыстық ІІІ кезеңге қатысып ІІІ орын иегері болды. Аудандық АӘД пәнінен «Сапта жүру және спорттық ойындар» байқауынан мектеп оқушылары ІІ орын алды (мұғалімі Ж.Бидайбеков) Волейболдан ұлдар командасы аудандық жарыста І орын иеленсе, (мұғалімі Ж.Қабылбеков, қыздар командасы ІІ орынмен оралды. Мектебіміздің үш оқушысы үздік оқушылар қатарынан көрініп, республикалық лагерлерде демалуға мүмкіндік алды.
Қосалы Дана- аудандық «Дарынды балаға – талантты ұстаз» тақырыбындағы ІІ слеттің «Үздік оқушы» дипломының иегері;
Сентірбек Жұлдызай- Тараз Мемлекеттік Педагогикалық Институтының грант иегері, «КАТЕV» халықаралық қоғамдық қорының ұйымдастыруымен өтілетін «Жарқын болашақ» Х республикалық қазақ тілі олимпиадасынын облыстық кезеңінде «Тіл-әдебиетші» бағыты бойынша ІІ орын иегері;
Әмірбек Мейіржан- Аудандық ғылыми жоба байқауында математика пәні бойынша ІІ орын иегері;
Қалқабек Алтай- Аудандық ғылыми жоба байқауында география пәні бойынша ІІІ орын иегері;
Мұхтар Жұлдызай- Жастар ресурстық орталығы ұйымдастырған «Үкілі ару» байқауының аудандық кезеңінің «Бас жүлде», облыстық кезеңінің ІІІ орын иегері;
Уызбай Гүлмира- Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында өткізілген Республикалық өнер және білім байқауының «Алтын жүлде» иегері;
Әзімхан Мадина- Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында өткізілген Республикалық өнер және білім байқауының көркем сөз бөлімінің дипломанты;
Төленді Таңшолпан- аудандық«Бояулар құпиясы» байқауының Бас жүлде иегері, Облыстық «Бояулар құпиясы» байқауының ІІІ орын, Ұлттық қолөнер байқауының ІІІ орын иегері.
Тасу Салауат- Талас ауданының 90 жылдық және Қаратау қаласының 55 жылдық мерейтойына арналған төғызқұмалақтан «Жұлдызай» аула клубының аудандық ашық біріншілігінің 10-14 жас ерекшелігі бойынша І орын иегері;
Әнуарбек Назерке- «Мен зерттеуге үйренемін» тақырыбындағы аудандық балғын зерттеушілер байқауының І орын иегері;
Құранбеков Әли- «Мен зерттеуге үйренемін» тақырыбындағы аудандық балғын зерттеушілер байқауының І орын иегері;
Керімбек Шапағат- Мен зерттеуге үйренемін» тақырыбындағы аудандық балғын зерттеушілер байқауының І орын иегері
Әзімхан Нұрсерік- Мемлекет және қоғам қайраткері Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевты еске алуға арналған қазақ күресінен ІІ облыстық турнирдің ІІІ орын иегері
Әйкен Рахат- Мемлекет және қоғам қайраткері Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевты еске алуға арналған қазақ күресінен ІІ облыстық турнирдің ІІ орын иегері;
Лесбек Мұхамед- Мемлекет және қоғам қайраткері Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевты еске алуға арналған қазақ күресінен ІІ облыстық турнирдің ІІ орын иегері;
Тұрар Асылан- Мемлекет және қоғам қайраткері Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевты еске алуға арналған қазақ күресінен ІІ облыстық турнирдің ІІІ орын иегері
Қалтай Нұрдәулет- Мемлекет және қоғам қайраткері Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевты еске алуға арналған қазақ күресінен ІІ облыстық турнирдің ІІ орын иегері
Мұхтар Думан- Мемлекет және қоғам қайраткері Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевты еске алуға арналған қазақ күресінен ІІ облыстық турнирдің ІІ орын иегері
Жәлел Нұрасыл- Мемлекет және қоғам қайраткері Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевты еске алуға арналған қазақ күресінен ІІ облыстық турнирдің ІІ орын иегері атанды.
Сонымен қатар интернет олимпиадаларға қатысқан 84 оқушының 36-сы жеңімпаз атанды.Оқушыларымызбен бірге төмендегі мұғалімдерге алғысымды білдіргім келеді.
Шарденова Гаухар Сабырқызы- аудандық «Үздік география мұғалімі» байқауының І орын иегері, облыстық «Үздік география мұғалімі» байқауының ІІІ орын иегері;
Бошаева Мереке Ердалина- аудандық бастауыш сынып мұғалімдері олимпиадасының ІІІ орын иегері;
Аяпбергенова Жадыра Бекетаевна- Елбасымыздың «Болашаққа бағдар; рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұйымдастырылған Республикалық байқаудың өтуіне зор үлес қосқаны үшін «Үздік жетекші» номинациясын иегері;
Қамқоршылық кеңестері - қоғамның білім саласын басқаруға қатысу формаларының бірі. Бұл білім саласын, не болмаса нақты бір білім беру мекемесін дамытуға мүдделі адамдарды ерікті негізде біріктіретін мемлекеттік емес, коммерциялық емес, қоғамдық ұйым. Былтырғы оқу жылында ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2017 жылғы 27шілдедегі №355 бұйрығына және "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 44-бабының 9-тармағына сәйкес біздің мектебімізде де қамқоршылық кеңесі құрылды. Осы кеңесті құру жөніндегі жиналыстың шешімімен қамқоршылық кеңесінің құрамы төмендегідей болып белгіленді.
Н.Мұхтаров– Қамқоршылық кеңесінің төрағасы, ата-аналаркомитетінің мүшесі;
Қ.Әлібаев – Қамқоршылық кеңесі төрағасының орынбасары, ата-ана П.Рахыманбердіұлы – Қамқоршылық кеңесінің мүшесі, ақсақалдар кеңесінің төрағасы;
Б.Бидайбеков – Қамқоршылық кеңесінің мүшесі, ата-ана;
П.Мелдебеков – Қамқоршылық кеңесінің мүшесі, ата-ана;
А. Қалаубекова – Қамқоршылық кеңесінің мүшесі, ата-ана;
Г.Тілеубердиева – Қамқоршылық кеңесінің мүшесі, ата-ана;
Е.Жексенбаев – Қамқоршылық кеңесінің мүшесі, ата-ана;
Ж.Жаншораев – Қамқоршылық кеңесінің мүшесі, учаскелік полиция инспекторы
Республикалық «Мектепке жол» акциясын 2018 жылдың 1 тамызы мен 30 қыркүйегі аралығында өткізілді. Акция барысында рейдтер жүргізілді. Оқу жасындағы балаларды түгел оқуға қамтылуын қамтамасыз ету және жағдайын анықтау мақсатында ауылдық әкімшілік, құқық қорғау органдары, ата-аналар, мектеп мұғалімдері бірлесе отырып, рейдтік топтар жұмыстар жүргізді.
Рейд барысында мектеп жасындағы оқымайтын балалардың жоқ екені анықталды. Мектепте оқитын - 303 оқушы, олардың ішінде қамқоршылыққа алынған – 3 оқушы, таза жетім бала жоқ, жартылай жетім - 3 оқушы, материалдық жағдайы аз қамтылған отбасы балалары - 9 оқушы және көпбалалы отбасы балалары - 145 оқушы анықталып, акт жасалынды.
Мектепте 20 сынып комплектісі бар, олардың барлығының әлеуметтік паспорты және хал жағдайын анықтау актісі жасалынды.
Оқушыларға «Мектепке жол», акциясы барысында ауылдың жеке кәсіпкерлері, шаруақожалық басшылары мен мектеп мұғалімдерінің демеушілігімен әртүрлі киім-кешек, оқу-құралдары түрінде көмектер көрсетілді.
Талас ауданы әкімдігі білім бөлімі КММ-нің 2018 жылғы 25 шілде№03-1768 хатына сәйкес 1 тамызбен 30 қыркүйекке дейін «Мектепке жол» дәстүрлі жыл сайынғы республикалық акциясы барысында демеушілікпен жиналған 90000 теңге қаражатқа алынған оқу құралдары мен киім-кешек, аяқ киімді төмендегі 61 балаға берілді.
1 «А»; 1 «Ә» сынып оқушыларына сыйлық – 31 (оқушыға) – 20000
№ | Оқушылардың аты-жөні | Сыныбы | Әлеуметтік жағдайы | Алған әлеуметтік көмегі | Бағасы | |
Бюджет | Бюджеттен тыс | |||||
1 | Уызбай Назерке | 9 «Ә» | Көп балалы | Ақ кофта | 2500 | |
2 | Қанарбек Салтанат | 10 «А» | Тұрмысы төмен | Ақ кофта | 2500 | |
3 | Нуман Толғанай | 2 «Ә» | Жартылай жетім | Ақ кофта | 2500 | |
4 | Нуман Арман | 2 «Ә» | Жартылай жетім | Шалбар | 2500 | |
5 | Мендосұлы Нұржас | 5 «А» | Көп балалы | Шалбар | 2500 | |
6 | Тоқташ Арман | 4 «Ә» | Аз қамтылған | Шалбар | 2500 | |
7 | Абдикан Асет | 5 «А» | Аз қамтылған | Ақ көйлек | 2000 | |
8 | Құрақбай Гүлқанат | 2 «А» | Тұрмысы төмен | Мектеп формасы | 6500 | |
9 | Тыныс Аружан | 4 «Ә» | Аз қамтылған | Юбка | 2500 | |
10 | Айдарқызы Ақерке | 6 «Ә» | Тұрмысы төмен | Аяқ киім | 3000 | |
11 | Мадиярбек Зәуреш | 7 «Ә» | Көп балалы | Аяқ киім | 3000 | |
12 | Жолдыбек Әмина | 1 «А» | Көп балалы | |||
13 | Тұрар Ерік | 3 «Ә» | Тұрмысы төмен | Ақ көйлек | 2000 | |
14 | Тілеубек Тілепберді | 9 «Ә» | Қамқоршылыққа алынған | Оқу құралдары | 2000 | |
15 | Мендосұлы Жанарыс | 2 «А» | Көп балалы | Оқу құралдары | 2000 | |
16 | Мендосұлы Бекарыс | 2 «А» | Көп балалы | Оқу құралдары | 2000 | |
17 | Зәрубай Мирас | 7 «Ә» | Аз қамтылған | Оқу құралдары | 2000 | |
18 | Елемес Дулат | 6 «Ә» | Аз қамтылған | Оқу құралдары | 2000 | |
19 | Мылтықбай Сабина | 4 «Ә» | Аз қамтылған | Оқу құралдары | 2000 | |
20 | Кенебай Аңсаған | 4 «А» | Аз қамтылған | Оқу құралдары | 2000 | |
21 | Бақыт Сабина | 9 «Ә» | Жартылай жетім | Оқу құралдары | 2000 | |
22 | Абилхан Нұрлан | 2 «А» | Көп балалы | Оқу құралдары | 2000 | |
23 | Әзімхан Нұрсұлтан | 1 «Ә» | Көп балалы | Оқу құралдары | 2000 | |
24 | Әбілжан Шапағат | 3 «А» | Көп балалы | Оқу құралдары | 2000 | |
25 | Қуанышбек Арай | 5 «Ә» | Көп балалы | Оқу құралдары | 2000 | |
26 | Жексен Бақдәулет | 6 «А» | Көп балалы | Оқу құралдары | 2000 | |
27 | Жартыбай Мөлдір | 3 «Ә» | Көп балалы | Оқу құралдары | 2000 | |
28 | Әзімхан Сұлтан | 1 «Ә» | Көп балалы | Оқу құралдары | 2000 | |
29 | Қалау Саяжан | 2 «Ә» | Көп балалы | Оқу құралдары | 2000 | |
30 | Ерғалиұлы Айбек | 1 «А» | Көп балалы | Оқу құралдары | 2000 |
Көмек көрсеткен кәсіпкерлер:
№ | Аты-жөні | Көрсетілген көмек көлемі | Қызметі |
1 | Ғ. Әлімханов | 20000 | Мектеп директоры |
2 | Ж. Керімқұлов | 20000 | Жол жөндеу мекеме басшысы |
3 | Е. Жексембаев | 10000 | Орман шаруашылығы мекемесінің басшысы |
4 | Б. Шоңов | 5000 | Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі |
5 | Қ. Ошақбаев | 5000 | Су шаруашылығы мекемесінің басшысы |
6 | П. Мелдебеков | 10000 | Жеке кәсіпкер |
7 | Қ. Арықбаев | 5000 | Ата-ана |
8 | Ж. Игембай | 10000 | Математика пәнінің мұғалімі |
9 | Ж. Қабылбеков | 5000 | Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі |
10 | Ботабековтер әулеті | 30000 | Ата-ана |
Кәсіпкерлерден жиналған 90000 мың тенге қаражатқа көп балалы,аз қамтылған, жартылай жетім отбасы балаларын мектеп формасымен қамтамасыз етілді.
№ | Д. А. Қонаев атындағы Ойық ауылының орта мектебі | Материал-дық көмек алған балалар-дың саны | Оның ішінде (адам) | Жалпы көрсетілген көмектің мөлшері | Оның ішінде (мың теңге) | ||
Бюджет-тен | Бюджеттен тыс | Бюджет-тен қаражат | Бюджеттен тыс қаражат | ||||
1 | «Мектепке жол» акциясы | 61 | 90000 | 90000 | 90000 | ||
2 | «Қамқоршы-лық» акциясы | 16 | 99300 | 99300 | 99300 | ||
Барлығы | 77 | 189300 | 189300 | 189300 | 189300 |
Мектебіміздің 0-18 жас есебі бойынша мүмкіндігі шектеулі балалар және ПМПК-ның қорытындысы бойынша үйден оқытылатын 3 оқушы бар. Әлеуметтік жағдайы аз қамтылған оқушыларға жалпыға бірдей міндетті оқу қоры есебінен 150 оқушы бір мезгіл тегін ыстық тамақпен қамтылған және барлық оқушылардың әлеуметтік жағдайлары анықталып акт жасалынды.
Оқушылардың күнделікті өмірі, бос уақытынжүйелі түрде ұйымдастырылуын ескеріп мектепте спорттық, қол өнер, робототехника, ағылшын, орыс тілдерінің үйірмелеріжұмыс істейді. Оқушылардың әлеуметтенуі үлкендерге қарағанда ерекше жүреді және оның дамуындағы психологиялық ерекшеліктерін ескеруіміз қажет. Еліміздің ертеңі, ұлтымыздың болашағы – бүгінгі мектеп қабырғасында отырған бүлдіршіндер екені мәлім. Олардың қамын ойлау баршамыздың парызымыз, соңғы екі жылдан бері мектепте«МӘҢГІЛІК ЕЛ» тәрбие беру орталығы құрылып,жұмыс жасауда. Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын оқушылар арасында насихаттауға байланысты іс шаралар жоспары жасалынып, іске асыруда. Жоспарға байланысты оқушылармен бірге туған жер, Отан тарихын, туған ауыл тарихын, елге еңбегі сіңген азаматтардың өнегелі өмірін үлгі етіп, оларды рухани адамгершілікеке тәрбиелейтін іс шаралар өтілуде.
Спандияр Көбеев «Еңбек тәрбиесіне баса назар аудару керек. Еңбекке тәрбиелемей тұрып, балаға дұрыс тәрбие бердім деп айту екі талай» деген екен. «Өзгені ойлаған-адамдықтың белгісі» дегендей, ауылдағы Ұлы Отан соғысы ардагеріне және жалғыз басты қарияларға, ардагер ұстаздарға мектебіміздің оқушылары тарапынан көмектер ұйымдастырылып отырады.
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрінің Бала құқығын қорғау комитетінің тапсырмасы бойынша мектептің тәрбие орталығының жетекшілігімен «ХХІ ғасырдағы Қазақстандық ата-ана: Өз балаңа үлгі бол» тақырыбында ата-аналар конференциялары өткізілді.Ата-аналарға отбасылық тәрбие стиліне жеке-жеке тоқталып, анықтама берілді. Ата-аналарға отбасында балалармен бірігіп жұмыс жасау, отбасылық махаббат сыйлау, отбасылық құндылықтар беру, әр отбасында өзіндік отбасылық дәстүрлер болуы керектігі айтылып, слайдтар мен арнайы көрсетілімдер таныстырылды. Өз балаңа үлгі болуға тәрбие стильдерінің жағымдысын ұстансақ, балаларымыз жалғыздықты сезінбейтін, мейірімді, ашушаң емес болып өседі деген қорытынды жасалды.
Мектептегі берілетін тәрбиенің бір бөлігі оқушыларға құқықтық тәрбие беру: Жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын-алу және құқық бұзушылықпен күресуде көмек көрсетуде Талас АІІБ-нің ЖПҚ ЮПТ-мен бірлесе отырып қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын-алу мақсатында бірлескен іс-шаралар жоспары жасалып бекітілген. Мектебімізде «Полицияның жас көмекшілері Тобы» құрылды. Құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында жүйелі түрде іс-шаралар, сауалнамалар, тәрбие сағаттары, рейдтер және құқық айлығы жүргізу жоспарланған.
«Мәңгілік ел» тәрбие орталығында жүйелі және нәтижелі жұмысының барысында соңғы екі жыл көлемінде мектеп ережесін сақтамайтын, тәртібі қадағалауды қажет ететін, мектепішілік есепте тұрған, сабақтан себепсіз 10 күннен астам қалатын, діни ағымдарға ілескен, мектеп формасын сақтамайтын білім алушылар жоқ.
«Ұл тәрбиелей отырып, жер иесін тәрбиелейміз, қыз тәрбиелей отырып, ұлтты тәрбиелейміз» деген қағиданы қорыта айтқанда, біртұтас ұлт тәрбиесі – ұлт болашағы. Еліміздің болашағы – жас ұрпақ. Отбасында баланың жан дүниесін руханилыққа тәрбиелеген абзал. Отбасында ата-ананың ықыласына бөленіп, тәрбие көріп өскен бала балабақшада да мектепте де өз ісіне жауап бере алады.Отбасымыздың жемісі, алтын тіреуі мен діңгегі – бала. Бала – біздің болашағымыз, сондықтан да бала тәрбиесін қолға алуды ата-ана борышым деп, ал біз міндетім деп бірге ат салыссақ, келешегіміз кемел, болашағымыз жарқын болады деп ойлаймын.