«Тілектер шыршасы» акциясы
Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев атындағы Ойық ауылының орта мектебінде «Жаңа 2019 жыл» қарсаңында ата-ана қамқорлығынан айырылған, аз қамтылған және көп балалы отбасынан шыққан балаларды әлеуметтік қолдау мақсатында «Тілектер шыршасы» акциясын 2018 жылдың 20 – 31 желтоқсан аралығында ұйымдастырылды.
Мектебімізде акция барысы таныстырылып, демеушілер тарту арқылы әлеуметтік жағдайы аз қамтылған отбасына балаларына көмек қолын беру толығымен қарастырылды.
«Жасыл шырша» құрылып, іс – шара барысында әлеуметтік жағдайы аз қамтылған отбасынан- 5 оқушы, жартылай жетім отбасынан – 1 оқушы, көп балалы отбасынан – 2 оқушы, тұрмысы төмен отбасынан – 2 оқушы анықталып, жалпы акция барысында барлығы: 4 оқушыға қыстық аяқ киім, 1 оқушыға күртеше, 5 оқушыға жаңа жылдық сыйлықтар алынып, қайырымдылық көмек көрсетілді.
Жалпы акция барысында 10 (он) оқушыға, барлығы: 36050 (отыз алты мың елу) теңге көлемінде көмек көрсетілді.