«Жайдарлы жазда – құқық бұзушылықсыз демалыс» тақырыбында жалпы облыстық диктант
Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев атындағы Ойық ауылы орта мектебінде 2026 жылдың 19 мамыр күні 8-11 сынып оқушылары арасында «Жайдарлы жазда – құқық бұзушылықсыз демалыс» тақырыбында жалпы облыстық диктант жазу жұмысы ұйымдастырылды.
Іс-шараның мақсаты – оқушылар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу, жазғы демалыс кезеңіндегі қауіпсіздік ережелерін түсіндіру, құқықтық сауаттылықты арттыру және жасөспірімдерді жауапкершілікке тәрбиелеу.
Диктант барысында білім алушыларға құқықтық тәртіпті сақтау, қоғамдық ортадағы мәдениет, қауіпсіздік шаралары және салауатты өмір салты жөнінде мазмұнды мәтіндер ұсынылды. Оқушылар белсенді қатысып, өздерінің сауаттылығы мен құқықтық білімдерін көрсетті.
Аталған шара оқушылардың жазғы демалысты қауіпсіз әрі пайдалы өткізуіне бағытталған маңызды тәрбиелік іс-шаралардың бі