2019 жылдың 10 қаңтар мен 10 ақпан аралығында «Қамқорлық» дәстүрлі жыл сайынғы республикалық акциясы
Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев атындағы Ойық ауылы орта мектебінде
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі 2019 жылғы 10 қаңтар мен 10 ақпан аралығында «Қамқорлық» дәстүрлі жыл сайынғы республикалық акциясын басшылыққа ала отырып, «Қамқорлық» кеңесінің жиналысы болып өтті. «Қамқоршылық» жиналысында акция барысы таныстырылып, акция жоспары жасалып бекітілді.
Мектебімізде материалдық жағдайы аз қамтылған 9 оқушы, жартылай жетім 3 оқушы, көп балалы 145 оқушы, қамқоршылыққа алынған 2 оқушы анықталды.
«Қамқорлық» акциясы барысында «Мейірімді жүрек» атты тақырып аясында ауылдың жеке кәсіпкерлері, шаруашылық басшылары және мұғалімдерден демеушілер тартылып, 6 оқушыға 26850 тг көлемінде материалдық көмектер көрсетілді.






