ҚАМҚОРШЫЛЫҚ КЕҢЕСІНІҢ ОТЫРЫСЫ
Талас ауданы әкімдігінің білім бөлімі Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев атындағы Ойық ауылы орта мектебінің директоры Ғ. Әлімхановтың 2019 жылғы 14 мамырдағы «Қамқоршылық кеңесі» алдындағы есебі

Құрметті қамқоршылық кеңес мүшелері, төрағасы!
Қазіргі кезде бәріңізге белгілі оқушылардың білім деңгейін көтеру үшін мұғалімдерге қойылар талап күшейді. Баланың келешекте мықты маман болып қалыптасуына мұғалім орасан зор ықпал етеді. Ол үшін заман ағымына ілесіп, жаңа жүйемен оқушыларға сабақ үйретіп қана қоймай, дәрежесін де өсіру керек. Өсіп келе жатқан балалардың алған ақпаратты жүйелей алуы үшін функционалдық сауаттылықты дамыту бағытындағы жұмыстарды күшейту жөніндегі үкімет талабы бойынша жұмыстар жоспарланды.
Өздеріңізге белгілі, 2016 жылдан бастап жаңартылған мазмұнға көше бастадық. Өткен есебімде тоқталған болатынмын мектептегі мұғалімдер түгелдей дерлік курстардан өтіп, сертификатталды. Әдістемелік көмек мұғалімдерге көрсетіліп отырады. Биылғы оқу жылында жаңартылған білім беру мазмұны бойынша 14 түрлі деңгейдегі мектепішілік семинарлар, онкүндіктер, апталықтар ұйымдастырылды. Сапалы ұйымдастырылған әдістемелік жұмыстар мен мұғалімдердің жүйелі сабақ өткізуі арқасында ІІІ тоқсан қорытындысы бойынша мектептегі 1- 11 сыныптар арасындағы 304 оқушының 86-сі (28,3%) оқу үздігі болса, 120 оқушы (39,4%) оқу екпіндісі болып, 67,7% білім сапасын көрсетіп отырмыз. Былтырғы оқу жылымен салыстырғанда 0,7 % жоғарыладық.
Биылғы оқу жылында ҰБТ-ге 15 оқушы қатысқалы отыр, 2 оқушы Нұрғали Бексұлтан, Қосалы Дана- «Алтын белгі» төсбелгісіне үміткер, 2 оқушы Әбілжан Гаухар, Байгел Аружан- Үздік аттестатқа үміткер ретінде тіркеліп отыр.
Биылғы оқу жылы мектеп ұжымы, оқушылары үшін табысты жылдардың бірі болды.
Республикалық пәндер олимпиадасының аудандық ІІ кезеңін мектебімізден 20 оқушы қатысты. 20 оқушының 16-і жүлдегерлер қатарынан көрінді. Екі оқушымыз Қосалы Дана- физика пәнінен (мұғ: Бапенова М), Сапибулла Балым (мұғ: Әлімханов Ғылым) Құқық негіздері пәні бойынша І орын алып, облыстық ІІІ кезеңге қатысты. Қосалы Дана- физика пәнінен облыста ІІІ орынға ие болды.
Сонымен қатар интернет олимпиадаларға қатысқан 106 оқушының 78-сы аудандық, облыстық көлемде жүлдегер атанса, 4 оқушы республикалық деңгейде І орын иегері атанды.
№ | Байқаулар | Мектеп | Аудан | Облыс | Республикалық |
1 | Кио | 106 | 44 | 34 | Әбдіқалық Дина Қонысбек Мадина Әнуарбек Аружан Жаңбыр Нұрасыл |
2 | «Жас эрудит» 4-5 | 10 | Керімбек С Кенесбай Н Майлиева А | Керімбек С Кенесбай Н Майлиева А | Керімбек С ІІ дәрежелі диплом |
3 | Жарыс KZ | 8 | Айсұлу Амірбек Үшкемпір Сымбат Кенебай Аңсаған І дәрежелі диплом, Керімбек Серіжан Амангелді Мадина ІІ дәрежелі диплом, Әбдіхалық Диас Мадиярбек М Майлиева Ақнұр ІІІ дәрежелі диплом | ||
4 | «Ақберен» | Қосалы Дана | Қосалы Дана | Қосалы Дана ІІ орын |
Мұғалімдер арасында:
№ | Байқаулар | Мектеп | Аудан | Облыс | Республикалық |
1 | КИО | 24 | І орын Әлімханов Ғ Төлеу Ж Аяпбергенова Ж Іргеева А ІІІ орын Бидайбек А Анасбек Ә | І орын Әлімханов Ғ Төлеу Ж Аяпбергенова Ж Іргеева А | І орын Әлімханов Ғ Төлеу Ж Аяпбергенова Ж ІІ орын Іргеева А |
Әлеуметтік педагогтың атқарған жұмыстары бойынша тоқтала кетсем:
Мектептегі әлеуметтік педагогтың білім беру жүйесіндегі алатын орны ерекше. Мектептегі әлеуметтік педагогтың басты мақсаты- оқушының әлеуметпен жан-жақты қарым-қатынас ортасын құру. Осы тұрғыда мектептің әлеуметтік педагогы жоспар бойынша біршама жұмыстар атқарды.
1. Жаңа жыл қарсаңында аз қамтылған, көп балалы отбасынан шыққан Әзімхан Нұрсұлтан, Қуанышбек Арай, Тастанбеков Дамирді аудан әкімінің шыршасына қатыстырып, бағалы киімдермен қамтамасыз етті.
Сонымен қатар жаңа жыл қарсаңында ата-ана қамқорлығынан айырылған, аз қамтылған және көп балалы отбасынан шыққан балаларды әлеуметтік қолдау көрсету мақсатында «Тілектер шыршасы» акциясы ұйымдастырылды. Акция барысында әлеуметтік жағдайы аз қамтылған отбасынан- 5 оқушыға, жартылай жетім отбасынан – 1 оқушыға, көп балалы отбасынан – 2 оқушыға, тұрмысы төмен отбасынан – 2 оқушыға, жалпы 10 (он) оқушыға, барлығы: 36050 (отыз алты мың елу) теңге көлемінде көмек көрсетілді.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің 2019 жылғы 10 қаңтар мен 10 ақпан аралығында «Қамқорлық» дәстүрлі жыл сайынғы республикалық акциясы өткізілді. «Қамқорлық» акциясы барысында «Мейірімді жүрек» атты тақырып аясында ауылдың жеке кәсіпкерлері, шаруашылық басшылары және мұғалімдерден демеушілер тартылып, 6 оқушыға 26850 тг көлемінде материалдық көмектер көрсетілді.
Сәуір айында жалпыға міндетті білім беру қоры тарапынан бөлінген киімдер әлеуметтік жағдайы төмен 23 оқушыға таратылып берілді. Көлемі 124633 теңгені құрайды.
«Мәңгілік ел» тәрбие орталығының атқарған жұмыстары:
Мектебімізде «МӘҢГІЛІК ЕЛ» тәрбие беру орталығы құрылып, сонымен жұмыс жасаудамыз. Тәрбие берудің сегіз бағыты бойынша жоспар жасап бекітілді, құрылымы, І жарты жылдықта өткізілген шаралар туралы өткен есебімде таныстырған болатынмын. Бүгінгі баяндамамды тек екінші жарты жылдық бойынша өткізілген шараларға тоқталсам:
«Туған жер» бағдарламасының «Өлкетану» бағыты бойынша Түркістан облысы, Түркістан қаласына мектеп оқушыларының саяхаты ұйымдастырлды. Саяхат барысында Түркістан облысындағы Баба түкті Шашты Әзіз кесенесіне, Ақ мешік үңгіріне, Арыстан баб кесенесіне және Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Яссауи кесенесіне барып тарихи орындарды аралап тарихымен танысты.
«Қазақстандық патриоттық және азаматтық тәрбие, құқықтық тәрбие» бағыты бойынша мектебімізде «Адам капиталын дамыту факторының тәрбие жүйесіндегі ролі» салтанатты жиын, «Жаса Қазақстан» патриоттық әндер байқауы, «Ел тірегі – Елбасы», «Жаса, жайна, Тәуелсіз елім - Қазақстан» тақырыбында апталықтар өткізілді Айтулы мерекелерге байланысты барлық сынып жетекшілері арнайы тәрбие сағаттарын өтіп отырады.
Рухани адамгершілік тәрбие бағыты бойынша қоғам қайраткері Д.А.Қонаевтың туылған күніне орай «Ұлтына ұстаз болған ұлы тұлға» атты салтанатты жиын, алғыс айту күніне байланысты «Алғысым сізге», 8 наурыз халықаралық аналар мерекесіне орай «Нұрын төгіп, мейірімін шашқан, жан бар ма екен сенен асқан» апталықтары және Мұқағали оқулары ұйымдастырылып өткізілді. Іс шаралар барысында білім алушыларға рухани адамгершілік құндылықтарын және этикалық ұстанымдарын қалыптастыра отырып, ұстаз еңбегін бағалауға, Елбасын құрметтеп, еліне, халқына сіңірген ерен еңбегін дәріптеуге, ұлтымыздың кішіпейілділік, қарапайымдылық қасиеттерін үлгі-өнеге ете отырып, өмірді сүюге, шын ризашылықпен алғыс білдіруге үйренді.
Оқушылардың бойына ХХІ ғасырда өмірдің барлық салаларында табысты болу үшін, қажетті дағдыларды дарыту, оқушы бойындағы қабілетті, тәрбиені жетілдіру үшін мектеп мұғалімдері тынымсыз еңбекті алдағы уақытта үздіксіз шын ниетімен жалғастырады деп сеніммен айта аламын.
