Маңызды міндеттерді айқындаған жолдау » СШ Д.А.Конаев
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Талас ауданының білім бөлімінің
"Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
)Қабылдау бөлімі :
+7(727) 4431374 8(701)7544876
Есепші бөлімі:
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Маңызды міндеттерді айқындаған жолдау
02
сентябрь
2019

Маңызды міндеттерді айқындаған жолдау



Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына алғашқы Жолдауын жолдады. Президент Жолдауы «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» деп аталды. Жолдаудың көңілге қонымды тұстары көп болды. 

Қасым-Жомарт Кемелұлы Жолдау барысында қоғамдағы мәселелердің біразы қамтылды. Оның ішінде білім беру, денсаулық сақтау жүйесін дамытуға айрықша назар аударылды. Білім беру сапасын жақсарту үшін маңызды міндеттерді айқындап берді. Мәселен, қала мен ауыл мектептері арасындағы орта білім сапасына тоқталған Мемлекет басшысы негізгі мәселені ауылдық жерлердегі білікті мамандардың тапшылығымен байланыстырды. Ал мұндай түйткілдің түйінін тарқату үшін «Дипломмен – ауылға!» бағдарламасының аясын кеңейтіп, жұмысты жаңа деңгейде жалғастыру қажеттігін ұсынды. 

Жолдауда айтылған өзекті мәселелердің бірі– оқулық сапасының төмендегі. Жылдар бойы шешімін таппай жүрген оқулық мәселесін ретке келтіруді Президент Білім және ғылым министрлігіне жүктеді. Сонымен қатар, мұғалімдердің әлеуметтік жағдайын жақсарту жайында да сөз болды. Бұл ретте Мемлекет басшысы ұстаздардың әлеуметтік жағдайын жақсартпаса, белгілеген міндеттердің жүзеге асуы қиын екенін қадап айтты. 

Мемлекет дамуы ол халықтың табысына тікелей әсер етеді. Ал табыстың көтерілуі мемлекеттегі әлеуметтік-экономикалық жағдайдың жақсартатынын ескерсек, Қасым- Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бүгінгі жолдауы үлкен үміт пен болашаққа деген сенімді арттырып отыр.   ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Жолдауында белгіленген міндеттер дер кезінде жүзеге асып, көтерілген мәселелердің шешімін табарына сенім мол. 

                                                                                      Әлімханов  Ғылым Жолтайұлы

Дінмұхамед Ахметұлы  Қонаев атындағы

 Ойық ауылы орта мектебінің директоры

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив