«Анамның ізгі жолы - үлгі» » СШ Д.А.Конаев
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Талас ауданының білім бөлімінің
"Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
)Қабылдау бөлімі :
+7(727) 4431374 8(701)7544876
Есепші бөлімі:
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Анамның ізгі жолы - үлгі»
11
октябрь
2019

«Анамның ізгі жолы - үлгі»

Дінмұхамед Ахметұлы  Қонаев атындағы Ойық ауылының орта мектебінде 

01-11.10.2019 ж аралығында өткен  «Анамның ізгі жолы - үлгі» 

атты онкүндігінің   аясында өткен іс-шаралар

Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев атындағы Ойық ауылының орта мектебінде 01-11.10.2019 ж аралығында өтілетін аналар күніне арналған мектепішілік онкүндіктің жоспары жасалып бекітілді. Онкүндік барысында төмендегідей іс-шаралар болды:

      1 қазан күні «Анамның ізгі жолы - үлгі» атты онкүндіктің ашылуы болып, мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі оырнбасары Г.Гаипова  онкүндіктің іс-шаралар жоспарымен таныстырды. 

      1-10 қазан аралығында тіл мамандары «Менің анам» тақырыбында шығарма байқауын өткізді. Оқушылар шығармаларында аналар туралы ойларын, түсініктерін, анаға деген құрметін білдіріп өз ойларын толық жеткізді. 

      2 қазан күні бейнелеу өнері пәні мұғалімі Г.Тәңірбергенова «Анадан тәлім алған қыз» тақырыбымен шеберлік сыныбын өткізді. Онда қыз балалардың қол өнерге деген сүйіспеншілігін оятып, олардың анасынан көрген, үйренген өнерлерін ортаға салды.             

      3 қазан күні қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Ү.Сүгіралиеваның ұйымдастыруымен «Отбасы – мейірім бесігі» тақырыбында әжелермен кездесу» өткізді. Кездесуде әжелер балаларға отбасында, қоғамдық орындарда өздерін қалай ұстау керек екенін, салт-дәстүрге байланысты көптеген тәрбиелік мәні бар әңгімелерімен бөлісті. 

      4 қазан күні мектеп тәлімгері И.Тұрарова 3-4-сыныптар арасында «Кітап сүйген көркем» тақырыбында кітаптардан алынған ана туралы нақыл сөздер байқауын өткізді. Оқушылар өздерінің жаттаған нақыл сөздері мен мақал-мәтелдерін айтып жарысты. Ең көп жаттаған оқушылар мақтау қағаздарымен марапатталды.

     8 қазан күні мектептің әлеуметтік педагогы М.Жартыбаева «Ана бақыты – бала бақыты» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. Онда оқушылармен тақырыпқа байланысты әңгіме өрбітті. Оқушылар да өз ойларын айтып, пікірлерін білдірді.  

     9 қазан күні мектеп психологы Ф.Төлепбергенова анасы мен қыздарының арасында «Қызым саған айтам...» тақырыбында ашық сұхбат өткізді. 

     11 қазан күні барлық сыныптарда «Ақ тілекті аналар»,  «Аналар – ұрпақ шырағы»,   «Ананың тілегі де, жүрегі де бала үшін» деген тақырыптармен тәрбие сағаттарын өтті. «Қыз жібек» клубының жетекшісі У.Исакова «Тәрбиелі талшын қыз – ана үміті» атты кеш ұйымдастырды. Кеш қызықты да әсерлі болды. 



Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив