«Дүниежүзілік деңсаулық күніне» арналған «Денсаулық зор байлық» атты спорттық іс-шара өтті
Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев атындағы Ойық ауылының орта мектебінде
2018-2019 жылы оқу жылының 7 сәуір «Дүниежүзілік деңсаулық күніне» арналған «Денсаулық зор байлық»атты спорттық іс-шара өтті.
Мақсаты. -Жас ұрпаққа адам деңсаулығының қымбаттылығын, өмір сүру үшін қажетті бағалы байлық екенін түсіндіру. Денесіне шыдауға,шымыр да шапшаң, ұқыпты да жинақы,әдемі болуға тәрбиелеу.
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтын «Болашаққа бағдар;рухани жаңғыру» мақаласы аясында Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев атындағы Ойық ауылының орта мектебінде 7 сәуір «Дүниежүзілік деңсаулық күніне» арнап, «Денсаулық зор байлық» атты 1-11сыныптар арасында спорттық іс-шара өткізілді.
Іс-шараны ашып беру үшін Әлімханов Ғылым Жолтайұлына сөз берілді. Ғылым Жолтайұлы оқушыларға ақ тілегін білдірді.Мектептің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Шоңов Беркін іс-шара жоспарын баяндап өтті.