22 Наурыз
«Ұлыстың ұлы күні -Наурыз» мерекесіне байланысты Д.А.Қонаев атындағы Ойық ауылы орта мектебінде мерекелік іс – шара өткізілді. Мереке мектеп ауласында өткізіліп, оқушылар, ата – аналар және ұстаздар біріге отырып наурыз мерекесіне ат салысты. Оқушылар ән айтып, би билеп, күй тартып, көріністер көрсетті және оқушылар арасында қыз бен ұлдың айтысы, мұғалім мен оқушының арасында ән айтысы, спорттық ойындардан оның ішінде қазақша күрес, арқан тартыс, қол күрес, асық ойынынан жарыстар өткізілді. Ата – аналар мерекелік іс – шараға ат салысып өз өнерлерін көрсетті. Ата- аналар тарапынан Әжелер ансамбльі ән айтып, Әбілжановтар жанұялық ансамбльі домбырамен күй тартып, салт дәстүрден көріністер көрсетті. Алты бақан құрылды. Алты бақанды облыстық, аудандық байқаулардың жеңімпаздары өнерлерін көрсетіп ән айта отырып тепті. Ата – аналар демеушілігімен наурыз көже жасалынып концерттік бағдарламаның соңында оқушыларға ұсынылды. Мерекелік іс - шара жоғары деңгейде өткізілді.