Жаса, жайна, тәуелсіз елім-Қазақстан
«Жаса, жайна, тәуелсіз елім-Қазақстан»
16 желтоқсан – ата бабамыздың арманы орындалып, жасампаздығымызды жаңа белеске көтерген Тәуелсіздік күні. 1991 жылғы 16 желтоқсанда Президент Нұрсұлтан Назарбаев қол қойған Конституциялық Заңнан бастау алған тәуелсіздігімізге биыл 27 жыл толып отыр.
2018 жылдың 14 желтоқсанында Талас ауданы Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев атындағы Ойық ауылы орта мектебінде 1986 жылғы 16 желтоқсанда орталықтың әміршіл – әкімшіл солақай саясатына қарсы алғаш рет бас көтеріп демократия жолында құрбан болған ұл қыздарымыздың ерліктері жайында түсінік бере отырып, жастардың алаңға не себепті, қандай мақсатпен шыққандығын жете түсіндіру, өз Отанына, туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыра отырып, өз ана тілін, салт-дәстүрін сақтап, Тәуелсіздіктің қадір-қасиетін құрметтей білуге, патриоттық сезімге тәрбиелеу мақсатында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігі күніне орай «Жаса, жайна, тәуелсіз елім - Қазақстан» атты мерекелік іс шара өтті.
Іс-шара қатысушыларына Тәуелсіздіктің 27 жылдығына арналған мектеп оқушылары қатысуымен мерекелік концерт ұсынылды.