Мерекелік іс-шара
Мектеп оқушылары арасында аудандық пәндік олимпиада өтті
2018 жылдың 6-7 желтоқсан күндері Қаратау қаласында «Ахмет Байтұрсынұлы атындағы гимназия» КММ базасында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың аудандық кезеңі өтті. Мектеп оқушылары арасында аудандық пәндік олимпиаданың салтанатты түрде ашылу рәсімі өтті. Білім додасына аудан мектептерінен барлығы 400 оқушы қатысты. Оқушылар алдағы екі күн бойы үздіктер қатарынан көріну үшін бақтарын сынамақ. Қатысушылардың білім деңгейі екі кезеңнің қорытындысы бойынша сараланатын болады.
Пән олимпиаданың ашылу рәсімінде Талас ауданы әкімдігінің білім бөлімінің басшысы Күлшат Қожатаева оқушыларға сәттілік тілеп, аудандық пән олимпиаданың жеңімпаздары ертеңгі күні облыс көлемінде ауданымыздың абыройын асқақтатуға үлес қосуларын ерекше атап өтті. Ұстаз еңбегінің жемісі-шәкіртінің жеңісі. Міне,қажырлы еңбек пен ізденістің арқасында шәкірттері биік белестерден оза шапса, ол әр ұстаздың мерейі, жемісі деп білеміз.