31
январь
2024
"Рухы биік әкелер-ұлт болашағын мәпелер" тақырыбында аудандық "Әкелер" семинары
Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев атындағы Ойық ауылының орта мектебінде 31 қаңтар күні "Рухы биік әкелер-ұлт болашағын мәпелер" тақырыбында аудандық "Әкелер" семинары ұйымдастырылып өткізілді. Мақсаты-отбасылық құндылықтарды насихаттау, отбасындағы бала тәрбиесі және ондағы әкенің рөлін арттыру. Семинарға аудандық ата-аналар кеңесінің төрағасы, ардагер ұстаз Лес Нұрұлы, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Әсемов Жұмабек және аудандық маслихат депутаты Анар Калыбекова келіп қатысты.
Семинар барысында "Салауатты ұрпақ-жарқын болашақ" тимбилдинг сайыс, "Әкеге қарап ұл өсер" тәрбие сағаты, "Әке- отбасы тірегі" психологиялық тренинг, "Әке көрген оқ жонар..." аймақ мектептерінің жұмыстары ұйымдастырылып көрсетілді. Семинар қорытындыланып, жұмыстар аудандық білім бөлімінің алғыс хаттарымен марапатталды.













