"Тәуелсіздіктің ұрпақтары" жастар жылының салтанатты ашылу рәсімін Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев атындағы Ойық ауылы орта мектебінің ұжымы мен 9-11 сынып оқушылары, ауылдың белсенді жастары тікелей эфирден тамашалады.
23 қаңтарда Астанадағы ЭКСПО-2017 көрмесінің ааумағындағы "Нұр әлем" павильонында "Тәуелсіздіктің ұрпақтары" жастар жылының салтанатты ашылу рәсімі тікелей эфирден көрсетілді.
Салтанатты рәсімді Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев атындағы Ойық ауылы орта мектебінің ұжымы ұжымы мен 9-11 сынып оқушылары, ауылдың белсенді жастары қатысқан шара ҚР мемлекеттік гимнімен басталды. Содан кейін мектептің АКТ залына жиналған қатысушылар Астанада өтіп жатқан іс-шараны тікелей эфирден тамашалады.


– Жастар – еліміздің қазіргі әлемдегі бәсекеге қабілеттілігінің негізгі факторы. Қазақстанның болашағы сіздерге – сіздердің білімдеріңізге, күш-жігерлеріңіз бен патриоттық сезімдеріңізге байланысты. Қазір қолға алынған жұмыстардың бәрі сіздердің бақытты өмірлеріңіз, сондай-ақ өз әлеуеттеріңіз бен мүмкіндіктеріңізді толық жүзеге асыра алу үшін атқарылып жатыр, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Қазақстан Президенті ірі қалалардағы жас отбасылардың тұрғын үй проблемаларының өзектілігін атап өтіп, бұл мәселені шешу үшін тұрақты кіріс болу керектігін, сондай-ақ, адамның жақсы тұрмысының негізгі көзі – жұмыс екенін айтты.
– Өткен жылы Қазақстанда орта мектепті 125 мыңнан астам жас түлек бітіріп шықты. Келешекте еңбек нарығына шығатын жастардың саны арта түспек. Қазіргі уақытта елімізде 300 мыңға жуық адам немесе жастардың 9 пайызы оқуға және еңбекке тартылмаған. Бұл санатқа жататын жастардың санын азайтуға септігін тигізетін тиімді шаралар қабылдау қажет, – деді Мемлекет басшысы.
Нұрсұлтан Назарбаев техникалық және кәсіби білім беру жүйесін сапалы дамытудың негізгі басымдықтарына арнайы тоқталды.
– «100/200» қағидаты негізінде «Жас маман» бағдарламасын әзірлеу қажет. Үш жыл ішінде бұл жоба еліміздің барлық өңірі бойынша 200 мыңға жуық жас азаматты қамтитын болады. Осы жоба аясында жаңғыртылған 200 оқу орнының базасында сұранысқа ие 100 индустриялық және қызмет көрсету мамандықтары бойынша кадрлар даярлау іске асырылады, – деді Қазақстан Президенті.
Соңында Мемлекет басшысы Үкімет пен жергілікті атқарушы органдарға арнайы Жол картасын әзірлеуді тапсырды. Бұл жас қазақстандықтарды қол жетімді әрі сапалы білім, жұмыс, тұрғын үй және отбасын құру жөніндегі маңызды қажеттіліктермен қамтамасыз етуді көздейтін нақты қолдау шараларын қамтуға тиіс.