10
август
2020
ДІНМҰХАМЕД АХМЕТҰЛЫ ҚОНАЕВ АТЫНДАҒЫ ОЙЫҚ АУЫЛЫ ОРТА МЕКТЕБІ МҰҒАЛІМІ ТӨЛЕУ ЖАНСАЯ АРТЫҚҚЫЗЫ
Сәлеметсіздер ме, құрметті әріптестер! Бүгінгі хакім Абай күні құтты болсын!
Әр заманның анығы мен танығына қанық, қиындықта жол көрсетер өз мүждаһит азаматы болады деп пайғамбарымыз айтып кеткен екен. Қазақ елі үшін 19-ғасырдағы сондай тұлға Абай еді. Ұлы Абай әлі күнге дейін қазақ үшін ғана емес, жалпы адамзат үшін сөзі мен болжамы асыл феномен. Абай—білім мен ғылымның жаршысы. Абай—адамгершіліктің қайнар көзі, ал адами қасиеттер қай кезеңде болмасын бәрінен жоғары тұратын құндылықтар. Бүкіл әлемді жайлаған вирустың өзі осынау өте жылдам, тек жанталасқа құрылған жаһандану заманын да кілт тоқтатып, ақыл мен сабыр, мейірім мен түсінушілік, даналық пен парасат деген адами қасиеттер ғана адамзатты сақтап қалатынын түсіндіріп отырғандай.. Хакім де осыны нақ білгендей, "біріңді қазақ, бірің дос, көрмесең істің бәрі бос" дейді. Тағы: "қайрат жүректің айтқанына көнсе, жалған шықпайды, ал ақылға ерсе, жүрек ұмыт қалады" деген. Денесін, ақылын жүрегі билейтін кісі адал, елжанды, әділ, жалпы жақсы болатыны анық. "Тегінде адам баласы бір бірінен тек білім, ғылым, ар-ұят деген нәрселермен ғана озбақ, басқасымен оздым деудің баршасы бос әурешілік" деген даналығы тағы бар. Хакім шығармаларын түсініп оқып, бағдарымызға айналдыра берейік. Әрбір істеріңізге сәттілік берсін. Келешек азаматтарын дайындауда күш-жігерлеріңіз арта берсін! Абайды тану—өзімізді тану.