8 наурыз мерекесі » СШ Д.А.Конаев
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Талас ауданының білім бөлімінің
"Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
)Қабылдау бөлімі :
+7(727) 4431374 8(701)7544876
Есепші бөлімі:
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » 8 наурыз мерекесі
12
март
2018

8 наурыз мерекесі

 

 

 

 

 

«Ана өмірдің шуағы» 


       Сәлеметсіздер ме құрметті қонақтар! Көңілдеріңізге көктем шуағындай сезім мен нұр құйып сегізінші наурыз Халықаралық әйелдер мерекесі келіп жетті. Өйткені аналарға ыстық сезім, алғыс пен құрмет ешқашан сөнген емес. Аналар, әріптестер мерекелеріңіз құтты болсын. 

Ана дейміз бәрімізде аңқылдап, 

Ана дейді жас сәби де жарқылдап 

Ана деген бәйтерегі өмірдің 

Ана деген алтын қазық, алтын бақ. 

Бүгінгі «Ана өмірдің шуағы» атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер. 

Хор: Ақ мамам. 

Баласы үшін анасы 

Күндері аз ғой көз ілген 

Аяулы ана қарыздармын өзіңе 

Жүрегінен күн мейірімі төгілген – дей келе аналарымызға және әпкелерімізге арналған тақпақтарымызға кезек береміз. 

Жарасбек Арсен 

Баланың да тірегі 

Дананың да тірегі 

Шаршамасын ешқашан 

Аналардың жүрегі 

Тауықбек Ердаулет 

Ақ жүректі сақтаған 

Жарқын жүзің бақ маған 

Ақ бетіңнен сүйемін 

Келші, келші ақ мамам 

Төленбек Бекзат 

     Шалқып тасып әніміз 

     Жадырасын жанымыз 

     Ана сені құттықтап 

     Әндетеміз бәріміз 

Би: Қамажай. Қыздар биі. 

Әлібек Ақназ 

     Қанаттанса балапан 

     Қалайыншы ұшпайды 

     Әр бір қыз, әрбір балапан 

    Анасына ұқсайды. 

 Әзімхан Айсұлтан 

    Жарқын жүзді жан анам 

    Сендей болсын бар адам 

    Сендей болса бар адам 

    Шаттық кетпес баладан 

   Шалқып тасып, әніміз 

   Жадырасын жанымыз 

   Аналарды құттықтап 

   Би билейміз бәріміз 

Би: Тауықбек Ердаулет, Төленбек Бекзат, Жарасбек Арсен, Әзімхан Айсұлтан. «Аспазшылар» биі 

Қане балалар аналарымызға арналған тақпақтарыңды  айта қойыңдаршы.  

Әбдімаш Айару 

    Таусылмайды өлеңі 

      Күнде айтып береді 

      Барған сайын бір жаққа 

      Кампит алып келеді. 

Ойын: «Сұрақ-жауап». Ал құрметті ата-аналар! Сіздермен бірге қызық ойын ойнасақ. 5 ана ортаға шығып  берілген тапсырмаларды орындайды. 

Жарылқасын Айару

         Жүре берем қасында 

        Әйбат анам ай анам 

        Ботам деген досыңнан 

       Айналайын ақ мамам 

Би: Доғдырбек Інжу«Павлин» 

Қайратқызы Каусар 

         Бізді өсіріп баптаған 

       Жақсы болсаң шаттанған 

       Алтыным деп мақтанған 

       Айналайын ақ мамам 

Қалдан Сағынай 

       Менің әжем ақ әжем 

        Ұл мен қызды бақ әжем 

        Ертегі айтып бер десем 

        Айтып берер ақ әжем 

Әбілхан Мерей 

       Айналайын анашым 

       Әлпештеген баласын 

        Еміп өскен бөбекпіз 

       Анамыздың мамасын 

Ән: «Әжемнің шәйі»Әбдімаш Айару, Қайратқызы Кәусар 

Таңжарық Жанерке 

       Күнім жаным дегені 

       Құлыншағым дегені 

       Ботақаным дегені 

       Қошақаным дегені 

       Ойлап тапқан аналар 

Доғдырбек Бекзат 

Ананың біз гүліміз 

        Ана біздің күніміз 

       Ұландарды қуантып 

        Ұзақ өмір сүріңіз. 

Жарылқасын Айару 

        Жүре беремін қасыңда 

       Айбат анам ай анам 

       Ботам деген даусыңнан 

       Айналайын ақ мамам 

Қасымхан Сымбат     

       Әлпештеген баласын 

      Ана бақыт, ана күн 

      Әркім сүйіп өзінің 

     Мақтан етер анасын 

     Жанболатқызы Аяжан 

     Айналайын анашым 

     Жұмысыңа барасың 

     Қайтіп мені көргенде 

     Шын сағынып қаласың 

Би. «Қуыршақ» биі.Қалдан Сағынай мен Қасымхан Сымбат

Флэшмоб: Жанболатқызы Аяжан 

Хор: «Айналайын ақ мамам» 

Аналар қалқып бақыт аралында, 

Лайым мұң қонбасын жанарыңа 

Осымен кешімізді аяқтайық 

Гүл бітсін бәріңіздің қадамыңа – дей отырып бүгінгі «Ана-өмірдің шуағы» 

 атты ертеңгілігіміз аяқталды. Ардақты аналар мейрамдарыңыз құтты болсын! Сау саламатта болыңыздар! Балалар хормен: «Анамызға мың алғыс» деп айтады. 




Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив