САЛТ ДӘСТҮРІМ ТАУСЫЛМАЙТЫН БАЙЛЫҒЫМ
Түркі тілдес халықтарға ортақ мейрам деп есептелетін Наурыз мейрамы қазақ үшін орны бөлек, ерекше думан. Себебі түпкі мағынасында қаһарлы қыстан аман-есен шығып, шуақты көктемнің келгені меңзелсе, екінші жағынан 21-інен 22-сіне қараған түні күн мен түн теңеліп, Жаңа жылдың келгені тойланады. Орта Азия халықтары Әзірбайжан, Түркіменстан,Қырғызстан, тіпті Иран да Наурыз мейрамын тойлайды екен.
«Ұлыстың ұлы күні -Наурыз» мерекесіне байланысты Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев атындағы Ойық ауылы орта мектебінде мерекелік іс – шара өткізілді. Мереке мектеп ауласында өткізіліп, оқушылар, ата – аналар және ұстаздар біріге отырып наурыз мерекесіне ат салысты. Оқушылар ән айтып, би билеп, күй тартып, көріністер көрсетті және оқушылар арасында қыз бен ұлдың айтысы, мұғалім мен оқушының арасында ән айтысы, спорттық ойындардан оның ішінде қазақша күрес, арқан тартыс, қол күрес, асық ойынынан жарыстар өткізілді.
Бүгінгі күнге дейін жеткен мейрамның тәрбиелік мәнінің зор екенін де атап өту керек. Егер бұрындары мейрамда үлкен кісілер бата айтып, туған-туыс бір-бірінің үйіне қонаққа барып, ойын-сауық құрған болса, қазір де сол дәстүр сақталып, адамдар бір-бірімен аралас-құраластығын тоқтатқан жоқ. Осы орайда, балалар үшін туысқандық пен бауырмалдылықтың, қонақжайлылықтың маңызын іс жүзінде көрсетіп беретін, тәрбие беретін бірден-бір салтанат.