Қызметкерлерге арналған тренинг
Қызметкерлерге арналған психологиялық тренинг
Мақсаты: Қызметкерлер арасында қарым-қатынасты нығайту, жағымсыз көңіл-күйден арылу, күш-қуат жинау, өзін-өзі тану, құрметтеу, өзін еркін сезінуге көмектесу.
Жоспары:
<!-- [if !supportLists] --> 1. <!-- [endif] --> Амандасу. Латын тілінде әр қатысушы өз есімін жазады. «Бумба-Юмба» жаттығуы.
<!-- [if !supportLists] --> 2. <!-- [endif] --> «Табиғат мінезі» жаттығуы
<!-- [if !supportLists] --> 3. <!-- [endif] --> «Өз жұбыңды тап» жаттығуы
<!-- [if !supportLists] --> 4. <!-- [endif] --> «Жіптің шешімін тап» ойыны
<!-- [if !supportLists] --> 5. <!-- [endif] --> «Оның есесіне мен.......» жаттығуы
<!-- [if !supportLists] --> 6. <!-- [endif] --> «Теңізге саяхат» релаксациялық жаттығуы
<!-- [if !supportLists] --> 7. <!-- [endif] --> Қорытынды. «Майшам» жаттығуы.
Қажетті құралдар: Жануарлардың аты жазылған карточкалар, жаттығуға қажетті парақтар, майшам, ұялы телефондағы сазды әуен, доп.
Ұйымдастыру:
<!-- [if !supportLists] --> 1. <!-- [endif] --> Амандасу.
Әр қатысушы латын тілінде өз есімін жазады. Өздеріңізге белгілі, Президентіміз Н.Ә. Назарбаев қазақ тілінің әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы жарлыққа қол қойды. 2025 жылға дейін латын графикасына кезең-кезеңімен көшуіміз жүктелген. Жаңа қазақ әліпбиіндегі 42 әріптің орнына латын әрпінің 25 таңбасымен таңбалатын болады. Біз сіздермен Бумба-Юмба тайпасына қоршауға түсіп қалдық. Ол тайпаның дәстүрі, салты бойынша былай амандасуымыз керек. Қазір 2 топқа бөлінеміз. 1 – топ 2 – топқа барып бір-біріңізге қарама – қарсы тұрып, оң иықпен оң иықты, сол иықпен сол иықты түйістіресіздер. Ал екінші топ бірінші топқа барып, бір-бірлеріңізбен арқаларыңызды түйістіресіздер.
<!-- [if !supportLists] --> 2. <!-- [endif] --> «Табиғат» мінезі жаттығуы.
Қане барлығымыз тізбектеле тұрайық. Көзімізді жұмып, өзімізді табиғат аясында тұрғандай сезінейік. Күн тамаша ашық, күн сәулесі шуақ шашып тұр, айнала тамаша көрініске толы. Енді, көзімізді ашып, өзімізді еркін сезінейік. Алғашқыда бәрі жақсы болып тұрды да, кенет аяқ астынан жеңіл жел соқты. Алдыңызда тұрған адамның арқасынан жаймен ғана қолмен жеңіл желдің самалындай етіп сипалаймыз. Жел күшейді – енді алдыңыздағы адамның арқасын қатты уқалай бастаймыз. Кенет, боран басталды – енді боран күшіндей екі қолмен айналдыра күштірек уқалаймыз. Содан кейін, аяқ астынан жай ғана жаңбыр сіркірей бастады – енді қолымызбен жаңбырдың тамшысындай жәймен ұрамыз. Бір кезде қатты жаңбыр жауды – біз қатты жаңбыр секілді арқамызды саусақтың ұшымен жоғары төмен сипалаймыз. Аяқ астынан бұршақ жауды – арқамызды саусақ басымен бұршақ жауғандай қаттырақ ұрамыз. Бір кезде бәрі басылды, күн жарқырап ашылып, адамға бір күшті шуақ берді.
<!-- [if !supportLists] --> 3. <!-- [endif] --> «Өз жұбыңды тап» жаттығуы.
Қатысушылар шеңбер құрап отырады. Мен сіздерге жануарлардың аттары жазылған текшелер таратып беремін. Атаулар екі текшеде қайталанған. Мысалы, егер сіздің қолыңызда піл жазылған болса, сіз тағы біреудің қолында сондай текше бар екенін біліңіз. (Жаттықтырушы текшелерді таратады, егер қатысушылар саны тақ болса, жаттығуға жаттықтырушы өзі де қатысады.) Сіздің текшеңізде не жазылғанын оқыңыз. Жазуды сіз ғана көруіңіз керек. Енді текшені жинап қойса болады. Әрқайсысыңыздың міндеттеріңіз өз сыңарыңызды табу. Бірақ сөйлеспейсіздер, өзіңіздің жануарыңызға тән дыбыстар шығармайсыздар, тек әртүрлі қимылдар арқылы кез – келген әрекетті үнсіз жасайсыз. Егер өзіңіздің жұбыңызды тапсаңыз, бірге тұрыңыз, бірақ үндемейсіз, сөйлеспейсіздер. Тек барлығы өз сыңарын тапқан кезде ғана, қандай нәтиже болғандығын тексереміз. Топ мүшелері өз сыңарын тапқаннан кейін, жаттықтырушы «Сіз кімсіз?» деп сұрап шығады. Әдетте бұл жаттығу өте көңілді өтеді, нәтижесінде топ мүшелерінің көңіл-күйі көтеріліп, шаршағандығы тарқайды. Жаттығу қатысушылардың ары қарай ашыла түсуіне септігін тигізеді.
<!-- [if !supportLists] --> 4. <!-- [endif] --> «Жіптің шешімін тап» ойыны.
<!-- [if !supportLists] --> 5. <!-- [endif] --> «Оның есесіне мен....» жаттығуы.
Барлық қатысушыларға аяқталмағансөйлемдері бар карточкалар таратылады. Сөйлемдерді әр қатысушы өз ойымен аяқтайды.
<!-- [if !supportLists] --> - <!-- [endif] --> Мен жақсы билей алмаймын, оның есесіне.........
<!-- [if !supportLists] --> - <!-- [endif] --> Мен шаршадым, оның есесіне ..............
<!-- [if !supportLists] --> - <!-- [endif] --> Мен көп үндемейтін адаммын, оның есесіне ............
<!-- [if !supportLists] --> - <!-- [endif] --> Мен көп уйықтаймын, оның есесіне ............
<!-- [if !supportLists] --> - <!-- [endif] --> Мен жұрттың бәріне құрметті бола алмаймын, оның есесіне ............
<!-- [if !supportLists] --> - <!-- [endif] --> Мен өзім туралы көп ойламаймын, оның есесіне..................
<!-- [if !supportLists] --> - <!-- [endif] --> Мен тез ашуланғыш адаммын, оның есесіне ...........
<!-- [if !supportLists] --> - <!-- [endif] --> Мен соншалықты сымбатты емеспін, оның есесіне ..................
<!-- [if !supportLists] --> - <!-- [endif] --> Мен тым толықпын, оның есесіне......................
<!-- [if !supportLists] --> - <!-- [endif] --> Менің кемшіліктерім көп, оның есесіне мен.................
<!-- [if !supportLists] --> 6. <!-- [endif] --> «Теңізге саяхат» релаксациялық жаттығу.
Бұл медитативтілік техника денедегі қысымды түсіруге бағытталған, музыкамен орындалады.
Жүргізуші: Жайланып отырыңыз, көзіңізді жұмыңыз. Терең демалыңыз, денеңізді бос ұстаңыз, денеңізді ауырлап бара жатқандай және оны теңіз толқынының лебі ұрып жатқандай сезініңіз. Өзіңізді жартастың үстінде тұрмын деп есептеңіз және алысқа көз жіберіңіз. Сіздің алдыңызда көгілдір теңіз, ашық аспан және күн. Теңіз бірқалыпты демалып, асау толқындары жағаға соғылып, қайтадан кейін қайтуда. Теңіз толқындарының шуын естіп, толқындарға қызыға қарап, жағалаудағы теңіздің тұзды ауасын жұтып тұрсыз. Өз бойыңыздағы асқан ауыртпалықтан бір сәтке болса да арылғандайсыз. Сіздің рухыңыз жайлылық сезіміне толы. Сіз төменге түсіп, аяғыңызды шештіңіз, жалаң аяқ құмның қызуы мен жұмсақтығын сезіне отырып, жүгірудесіз. Міне, сіз судың жанына келдіңіз, толқындар сіздің аяғыңызды жуып жатыр, су жып-жылы, әрі жұп-жұмсақ. Сіз қолдарыңызды бос тастап, басыңызды шалқайттыңыз. Күн сәулесі мен жеңіл самал жел сіздің бетіңізді өбуде, теңіз толқындарының тамшылары сіздің денеңізді баурап алғандай. Ерніңізде теңіздің тұзды суының кермек дәмі және бақыт күлкісі. Сіз өзіңізді кішкентай бала сияқты сезініп, жүгіргіңіз, секіргіңіз, су шашып ойнағыңыз, күлкіңіз келеді. Өзіңізге осы бірнеше минут ішінде не істегіңіз келсе, соны істеуге рұқсат етіңіз. Сіздің қайтатын уақытыңыз болды. Міне сіз тағы да жардың басында тұрсыз. Сіздің демалыс пен бақыт сыйлаған ғажайып әлемге алғысыңызды айтыңыз. Көздеріңізді асықпай ашыңыз. Қандай сезімді болдыңыз?Не сезіндіңіз?
<!-- [if !supportLists] --> 7. <!-- [endif] --> Қорытынды. «Майшам» жаттығуы.
Қазір мен майшамды жағамын. Барлығымыз бір-бірімізбен бірігіп, жұмыс жасағанымыз үшін бір-бір жылы сөз айтып. Майшамды беріп отырамыз. Қоштасуға майшамды алғанымыз, жарық деген жақсы нәрсе, сондықтан да алдарыңыз ашық, жарқын болсын деген тілекпен, бүгінгі тренингімізді аяқтаймыз. Рахмет!