Шона Смаханұлы мектеп түлегі

Шона Смаханұлы
мектеп түлегі
5 қазан1924, Жамбыл облысы, Талас ауданы, Ойық ауылында дүниеге келген. 1942-1943 жылдары әскер қатарында болып, Ұлы Отан соғысына қатысқан. 1957-1957 жылдары «Мектеп» баспасында редактор, 1958-1963 жылдары «Қазақстан мұғалімі», «Қазақстан пионері» газеттерінде, 1964-1968 жылдары сатиралық «Ара» журналында қызмет еткен. 1973-1983 жылдары «Жазушы» баспасында редактор, кейінірек редакция мeңrepyшici болған.
Шона Смаханұлы әдеби творчествомен 1950 жылдан шұғылдана бастады. «Тотияйын» атты тұңғыш сатиралық өлеңдер жинағы 1959 жылы жарық көрді. "Шимайбек пен Шыңқетпе" (1960), "Қу түлкінің сыбағасы" (1961), "Көріп жүр ғой көздері" (1965), "Ұры тіс" (1967), "Ұр, тоқпағым, ұр" (1970), "Жүз шымшыма, қырық қышыма" (1973),"Кездік" (1976) т. б. кітаптары шықты. "Купорос" атты жинағы орыс тілінде 1968 жылы Москвада басылды. "Қоңыраулы шеңгел" атты шығармаларының жинағы 1974 жылы жарық көрді. Ш.Смаханұлы кеңестік жүйе тұсында-ақ «Ана тілім – ардағым менің» деген ән-өлеңмен ұлттық тілдің қадір-қасиетін терең танып, қалың көптің көңіл-жүрегіне берік ұялатса, «Қос тіл білсе, кәнеки» мақаласында («Қазақ әдебиеті», 1989 жыл 10 ақпан) ана тілін ардақтап көрсетеді. Бірнеше ән мәтіндерінің авторы. Шона Смаханұлы Қазақ КСР Жоғары Кеңесінің Құрмет Грамотасымен және медальдарымен марапатталған. Оның есімі Алматы қаласындағы мектепке берілген.