Ерғали Сағат мектеп түлегі

Ерғали Сағат
мектеп түлегі
25 наурыз 1949 жыл, Жамбыл облысы Талас ауданы Ойық ауылын да дүниеге келген. ҚазКСР және Қазақстан журналисті, жазушысы. Қазақстан журналистер одағы және Қазақстан жазушылар одағының мүшесі.
1975 жылы Қазақ Мемлекеттік Университетінің журналистика факультетін тамамдаған. Осы жылы Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің жолдамасымен «Лениншіл жас» (Жас алаш) газетіне жұмысқа тұрды. Осында әдеби қызметкерден бастап бас редактордың бірінші орынбасары қызметінде 18 жыл жұмыс жасады. 1992—2005 жж. «Алматы ақшамы» газетінің Бас редакторы. 2008 жылдың қаңтарынан «Парасат» (Мәдениет және тұрмыс) журналының Бас редакторы.
«Келелі келешек», «Дін биігіндегі ел», «Ай нүрын төккен қала», (сапарнама кітаптары) "Сайлау мен Татьяна", «Өмір-өсиет», «Ғасырдың бір жылы», «Жаны жарық Димекең», "Жан жылуы", атты деректі прозалық кітаптары оқырмандар қолына тиді.
Қазақстан Республикасы Гуманитарлық ғылымдар академиясының академигі. КСРО және Қазақстан Республикасының 8 мемлекеттік медальдарымен марапатталған. Қазақстан Жазушылары Одағының Деректі проза кеңесінің, Алматы қалалық сайлау комиссиясының мүшесі.