Жасөспірімдер және зиянды әдеттер
Тақырыбы: Жасөспірімдер және зиянды әдеттер
Мақсаты:
-Жас ұрпақтың салауатты өмір салтын қалыптастырудағы ой- өрісін дамыту, зиянды әдеттерге еліктеудің, қызығудың өмірлеріне қауіпті екенін ескерту. Есірткі, ішімдік және темекенің ағзаға тигізер әсері, келешек өмірлеріне оның зардаптары, адам ағзасына теріс әсері туралы түсіндіру.
-Еліміздің болашағы жастардың қолында екенін айта отырып, болашаққа деген көзқарасын қалыптастыру.
Көрнекіліктер: Түрлі суреттер, бейне жазба, нақыл сөздер, мақал-мәтелдер т.б
1-жүргізушы: Өмір – адамға табиғатпен берілген ең қымбат
дүние. Адамның ұзақ, мәнді де сәнді өмір сүруінің негізгі – оның денсаулығы.
Денсаулық адамның ең қасиетті де құнды, қайталанбас, жоғалса қайта орнына
қиындықпен келетін, орны толмас асыл қазынасы. Қазіргі таңда бүкіл әлемді
толғандырып отырған мәселенің бірі – адамның денсаулығы. Адам өміріне қауіп
төндіретін жағдайларға соғыс, ашаршылық, экологиялық жағдай және адам ағзасын
улайтын зиянды әдеттер болып табылады.
2-жүргізушы:Еліміздің әрбір адамы қалауынша өмір сүруге құқылы. Ал енді өмір туралы,
денсаулық туралы ойланып көрейікші. Адам өмірі ғажайып нәрсе болғанымен, қас
қағым сәтте үзіледі. Сол жіпті үзетін дерт - наша, темекі, арақ.
1-жүргізушы:
Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауында салауатты өмір салтын қалыптастыру туралы баса айтылған болатын: «Жаңа жүз жылдықта біз өз тұрмысымызды, өз санамызды, қоғамымызды, жалпы алғанда әрбір жанұямызды салауатты өмір салтына ынталандыруды енгізуіміз қажет. Бұл еліміздің, ұлтымыздың болашағы үшін басқа басымдықтардан маңызды болуы мүмкін»
2-жүргізушы:
Салауатты өмір сүру дегеніміз не? Ол- әлеуметтік тұрмысты жақсарту, бос уақытты тиімді пайдалану, денсаулықты сақтау және нығайту, сапалы тамақтану, зиянды әрекеттерден аулақ болу. Ал зиянды әрекет дегеніміз: қазіргі таңда етек алған заманымыздың кеселді дерттері-шылым шегу, нашақорлық, маскүнемдік, СПИД ауруы.
Ал енді біз "ғасыр кеселі” болып отырған СПИД туралы не білеміз?
Назира:
«СПИД» сөзі «иммунитетке тосқауылды зарарлар синдромы» деген мағынаны береді. СПИД ауруының қоздырушысы өте кішкене денелер – вирустар.СПИД кеселінің қауіптісі сол – ол адамның «жанды жеріне» үймелейді. Қазақ халқы адамның «жанды жері» деп жыныс мүшелерін, омырауын және жүрек, бауыр, бүйрек сияқты мүшелерді атаған. Міне, осы айтылған жеке мүшелерде СПИД вирустары тез өрбіп, бұларда кеселді ісік – рак ауруын тудырады. Адам СПИД кеселінен өзі ғана зардап шегіп қоймай, басқа адамдарға да қауіп туғызады.
Диана:
СПИД ауруы адамға қалай жұғады және қалай сақтануға болады?Қазіргі медицина ғылымының зерттеуі бойынша СПИД ауруымен ауырған адамнан екінші біреуге қан және жыныс жолдары арқылы беріледі. Ендеше СПИД вирусы еркектен жұғып, ал ұрпаққа, басқа адамға әйел арқылы таралады. Сонымен қатар, бұл қауіпті аурумен сәбилер де, жасөспірімдер де ауруы мүмкін. Бұлардың мұндай науқасқа ұшырауына емханаларда ине салып, қан алғанда немесе дәрі еккенде шала қайнаған инені пайдалану себеп болады. Қазір мемлекет тарапынан, медицина ғылымының талабы бойынша халықты емдеуде тек бір рет пайдаланылатын дербес инелер (шприц) қолданылуы көзделіп отыр. СПИД - пен ауырмау үшін алдын ала шаралар жасалынып, адамдар саналы түрде тәртіп сақтауы қажет. Тазалық сақтау гигиенасын мұқият орындау – әр адамның өзіндік қасиетіне байланысты. Әрбір адам төсек - орнын, тіс жуғышын, сабынын, сүлгісін, ішкі киімдерін, тырнақ, шаш, сақал - мұрт алатын құралдарын жеке, дербес ұстауы керек
Рахымбердиева Аружан:
СПИД құрбаны (монолог).
- Уа, жаратылыс! Адамзатқа өмір берген құдіреттің қайнар көзі!Сен естисің бе мені? Жұмыртқадай жұмыр басты пенденің зарын тыңдашы бір сәт!
Өзімнен өзім сыр таптым,
Өле алмай жүрген сырқатпын.
Шіріген картоп сияқты,
Бұрышында қалған бір қаптың.
Ұйықтайын десем қорқамын,
Көрмейтін сұмдық түс көрем
-Мен жағдайы әжептәуір отбасында дүниеге келдім.Әп деп өсе бастағаннан ештеңеден таршылық көргенім жоқ.Басқа балалар ішпегенді іштім, кимегенді кидім бір сөзбен айтқанда,өте ерке болып өстім. Әке-шешем бар дегенімді жасады,анда-санда әкем мен тентек болған кезде,айқайлап ұрса бастаса анам: «Ойбай,жалғыз балада нең бар?»-деп ара түсетін.
- Иә, ата-анамның еркелеткені мені одан әрі құтырта түсті. Бір күні көрші үйге жаңа отбасы көшіп келді.Олардың да мен секілді ұлы бар екен.Сонымен «іздегенге сұраған» дегендей,екеуміздің жұбымыз жазылмайтын болды.Оның менен айырмашылығы нашаның дәмін ерте татқан екен.Енді мен де шеге бастадым.Нашаның адам баласына әкелетін қасіретін ол кезде кім білген?
- Содан арада екі-үш жыл өтті.Бұл кезде мен темекісіз, есірткісіз тұра алмайтын дәрежеге жеттім.Өзім секілді достарым да көбейді.Олар арқылы сарғыш сұйық құйылған инеге де аңсарым ауды.Не құдіреті барын,сол инені көрсем аузымнан суым шығып,есім кететін.Бұл кезде әкем автомобиль апатынан қайтыс болды.Жалғыз анамның жиған-тергені есірткінің айырбасына кетті.Мен сол құлдырағаннан құлдырай бердім.Бірде қатты салқын тиіп ауруғанаға түстім.Дәрігерлер менің СПИД-пен ауыратынымды анықтапты.Төрт-бес жыл білмей жүріппін.
О, Жаратқан! Жұмыртқадай жұмыр жер мен төңкерілген тайқазандай көк аспан! Сендер естисіңдер ме, мына менің зарымды? Айтыңдаршы,құтқаратын күш бар ма, мына мендей бейбақты. Бұл тірлікте не тындырдым, не көрдім, Құрбанымын СПИД деген кеселдің. Ақтамай-ақ кетіп барам арманың, «Жалғыз бала» деп өсірген әкемнің. Кім кінәлі,аялаған анам ба? Бар қажетті даярлаған қоғам ба?
Өздеріңе өлер кезде айтып кету борыщым,
Ауырсаңдар бұл кеселмен,
Дәрігер де бере алмайды қол ұшын.
Құтқаратын күш жоқ,онда әлсіз тірі өліксің,
Жат әдет пен темекіге, есірткіге жоламаңдар сол үшін!
Сабина:
СПИД туралы
СПИД-ғасыр обасы, қаупі бар адамға,
Проблема болып тұр бүкіл біздің ғаламда.
Сақтаныңдар дертінен қауіпті бұл обаның
Өзің үшін, басқа үшін әрқашанда алаңда.
Қайғы жұтар мұңаяр адамдар көп бұл дерттен,
Қызығы мол өмірден, көпті көрмей тез кеткен.
СПИД-пенен ауырып, қиналғандар қаншама?
Қалай ғана шыдаймыз сұмдық еді бұл неткен?
Бірімізді-біріміз силап өтсек өмірден,
Кірбің түспес көңілге, күлкі кетпес езуден.
Қарсы тұрсақ бірігіп, обасына ғасырдың
Жарқын өмір кешеміз! Жасқанамыз біз неден?
СПИД жайлы адамдар біліміңді толықтыр
СПИД деген біздің басты проблема болып тұр.
Өз-өзіңді сақтандырсаң, қаупінен бұл дерттің
Күтіп тұр сені болашақта шуақ шашқан жарық күн!
1-жүргізуші: Арақ, Темекі, Есірткі, СПИД адамдарға опасыздық пен бақытсыздық алып
келуде, осыған ашынған халық оларды әділ сотқа беріп, қылмыстық іс қозғау керек
деп арыз түсірді. Қазір соттың жүрісін тыңдайсыздар.
Көрініс: Сот үдерісі
Хатшы: Тұрыңыздар, сот
келеді.
Сот: Отырыңыздар. Басты сот талқылауын ашық деп жариялаймын.
Сотталушылар: Арақ, Темекі, Есірткі, СПИД
бойынша қылмыстық ісі қаралады.
Сот: Хатшы, осы қылмыстық іске кімдер келіп
отырғаның баяндаңыз.
Хатшы: Сот процесіне қатысушылар:сот
кеңесшілері, жәбірленушілер
айыпталушы қылмыскерлер:
1.Арақ.
2.Темекі.3.Есірткі.4.СПИД, айыптаушы(прокурор), қорғаушы(адвокат)
Айыптаушы:- Бүгінгі сот процесінде қаралатын
мәселе ХХ ғасырдың басты кеселдерінің бірі болған және ХХІ ғасырдың басты
індеттерінің біріне айналып бара жатқан темекі, арақ, есірткі, СПИД.
Қылмыс толық дәлелденген. Сот алдына
айыпталушы қылмыскерлерге қарсы арыз беруші, жәбір көруші қоғамды шақырамыз.
Сот:- Жәбір көруші қоғам! Сот алдындағы
айыпталушы қылмыскерлердің Сізге қарсы іс-әрекеті туралы не айтасыз?
Қоғамдағы экология саласы:- Біздің қоғамымызда
ішімдік, темекі, есірткі заттар тек денсаулыққа зиян келтіріп қана қоймайды,
сонымен қатар экологияға да кері әсерін тигізуде.
Қоғамдағы демография саласы:- Дүние жүзіндегі
қандайда болмасын ұлттың дамуына, табиғи өсуіне қылмыскерлер орнында отырған
темекі, арақ, есірткі, СПИД жұқпалы ауруының кері әсері тиюде. Қаншама адамдар
бұл қылмыскерлермен жақын
жүрудің нәтижесінде
өз-өзіне қол жұмсап, екінші бір адамды өмірінен айыруда.
Сот:- Қорғаушы мен қылмыскерлерден жәбірленуші
қоғамның оларға таққан айыбымен келісесіңдер ма?
Қорғаушы:- Жәбірленушінің менің қорғаушыларыма
таққан айыптарымен толық келіспейтінімді мәлімдеймін. Себебін толық түсіндіру
үшін айыпкерлердің өзіне сөз берілуін сұраймын.
Сот: Қазір қылмыстық істі баяндаймыз..
Сотталушылар тұрыңыздар. Өздеріңізді
таныстырыңыздар.
Менің атым – Арақ, Египетте дүниеге
келдім.
Менің атым – Темекі, Америкада дүниеге келдім.
Менің атым – Есірткі, басқа ештеңе де есімде
жоқ.
Менің атым- СПИД, Мені Африкада негрлер арасында
тараған деген болжам бар.
Сот: Не үшін айыпталып отырғандарыңызды
білесіздер ме? Кінәларыңызды мойындайсыздар ма? Темекі, сіз кінәңізді
мойындайсыз ба?
Темекі: Жоқ, мойындамаймын.
Сот: Есірткі, сіз кінәңізді мойындайсыз
ба?
Есірткі: Жоқ, мойындамаймын.
Сот: Арақ, сіз кінәңізді мойындайсыз ба?
Арақ: Жоқ, мойындамаймын.
Сот: СПИД, сіз өз кінәңізді мойындайсыз ба?
СПИД: Жоқ мойындамаймын.
Сот: Сонымен, арақ, темекі, есірткі, СПИД
мойындамады, осылардың қайсысынан бастасақ.Онда бірінші темекіден бастайық.
Қарсы емессіздер ме?
Айыптаушы: Мен келісемін.
Сот: Темекі, сіз өз кінәңізді неге
мойындамадыңыз, өзіңізді қорғау үшін қандай дәлеліңіз бар?
Темекі: Мен өзімді айыптымын деп
есептемеймін.Мен де әріптесім арақ сияқты көптеген адамдарға жұмыс
берудемін.Мені жарнама жасамаңыздар. Тартпаңыздар.
Сот: Сұрақтарыңыз бар ма?
Қорғаушы: Темекі, сіздің кесіріңізден үйлер,
егістік, ормандар өртенді дейді, сол шын ба?
Темекі: Жоқ, бұл өртке менің ешқандай да
қатысым жоқ, мені тартқан кісі тартып болып, жанымды көзіме көрсетіп аяғымен
мыжып, құмға көміп, көзімді құртты.
Айыптаушы: Темекі, сіздің құрамыңызға химиялық
заттар кіреді екен.Никотин деген уың адам ағзасын әбден бүлдіріпті. Осыны қалай
түсіндіресіз?
Темекі: Адамдар менің құрамымды, никотиннің
адамға зиян екенін біле тұра жолағанына мен де таң қаламын. Мен өз түтінімінің
құрамын ешкімнен жасырған жоқпын. Бәріңіз де білесіздер.
Ана: Менің кәмелетке толмаған баламды неге құмарттың?
Темекі: Маған жолама деп тәрбиелеу қажет еді.
Сот: Темекі, сізге көптеген кінәлар тағылып
отыр, алдағы уақытта не ойыңыз бар?
Темекі: Мен ешкімге зиян келтірейін деп бұл
өмірге келгенім жоқ. Жоламасын маған.
Сот: СПИД, сіз өз кінәңіз жайында не айтасыз?
СПИД: Менің жұқпалы вирус екенім де, ХХ-ХХІ
ғасырлардың басты дерті екенім де рас.Бірақ мен өздігімнен тарамаймын.Мені
тарататын-адамдар.Сондықтан, мен өзіме тағылған бірқатар айыптармен келісе
алмаймын.
Сот: Есірткі, сіз өз кінәңізді неге
мойындамайсыз?
Есірткі: Апиынды адамзат ертеден қазірге дейін
адам бойындағы кейбір дерттерге шипа ретінде қолдануда.Адамдар жаман қасиетіме
жоламай, тек жақсы қасиетімді ғана пайдалансын.
Сот: Сұрақтарыңыз бар ма?
Қорғаушы: Есірткі, сіз әлгі азамат қайтыс
болған күні қайда болдыңыз?
Есірткі: Қайтыс болған адамға ешқандай да
қатысым жоқ, ол адам қайтыс болатын күні бір тиыны да болмай мені сатып ала
алмады, берекесі кетіп шыдамай, біреудің қалтасына түсіп еді, ол біліп қойып,
тепкілеп жатқан, сол тепкіден кеткен болар.
Айыптаушы: Есірткі, сіздің кесіріңізден
адамдар дауасыз дерт, ғасыр індеті СПИД-ті жұқтырды.Осыған не дейсіз?
Есірткі: Мені бір шприцпен барлығы салады.
Адамдар, ақылға келіңіздер дер едім
Куәгер: Мені еліктірдің, аяғы СПИД ауруын
жұқтырдым.Кінәңді мойындап, адамзатқа жолама!
Есірткі: Жолама есірткіге деп анаң талай
айтқан шығар, кінә өзіңде.
Куәгер: Көкемнің ажалына мына тұрған үшеуің де
кінәлісіңдер. Үшеуіңнің кеселдеріңнен қаншама орман өртелді, айыптарыңызды
мойындаңдар.
Сот: Есірткі, Сіз осындай адамға қайғы-қасірет
әкелуге не себеп болды?
Есірткі: Менде ондай жаман ой болған емес,
өздері кінәлі.
Сот: Арақ, сіз айыбыңызды мойындамадыңыз, ал
бізге соны нақты баяндаңыз.
Арақ: Мен ешқандайдай да өтірік қоспай ағымнан
жарылайын.Осы адалдығым үшін жеңілдік болар деген үміттемін.Құрметті сот
мүшелері, өзіме тағылған айыппен толық келіспеймін.Менің қоғамға пайдалы
жақтарым да бар.Мысалы, мені өндіруші «Бахус» ашық акционерлік қоғамы қоғам
мүшелерін, яғни 1023 адамды жұмыспен қамтамасыз етіп отыр.
Аруақ /куәгер/: Менің өліміме арақ тек сені
кінәлаймын.
Арақ: Өзің ғой, менсіз тұра алмаған.
Сот: Арақ; сіз адамға неліктен қас болдыңыз?
Арақ: жүзімді ашытып шарап, одан арақ алып,
жарнама бересіздер, бұл теріс жарнама.Не істесеңіздер де, ойлап істеңіздер.
Сот: Жауап алып болдық, енді сот талқылауына
көшеміз.Айып сұрау ретінде мемлекеттік айыптаушы прокурорға сөз береміз.
Қорғаушы: (орнынан тұрып) Мен осы төрт
айыпкерлерді де адамзат баласына қастандығы үшін ең ауыр жаза қолдануды
өтінемін. Темекі тартқан 13 жастағы бала өкпе рагінен қайтыс болды, есірткі
адамды жындандырып, СПИД жұқтырды, арақ өлтіріп тынды.Айтқан айыптарымның
бәріне толық дәлелдер, эксперт қорытындылары бар.
Сот: Жәбірленушілер, сіздер осы төрт бұзақыға
қандай жаза қолдануды қалайсыздар? Нақты фактімен дәлелдеңіздер.
Інісі: Мен көкемнің өлімін осы ушеуінен
көремін.Көлік жүргізуші жол тәртібін сақтамай тапа-тал түсте машинамен көкемді
қағып кетті. Арақ ішіп, тартатынын тартып, рөлге отырған. Қамқоршымнан
айрылдым, ақылшымнан айрылдым . Бұлардың бәріне де ең ауыр жаза қолданылсын.
Ана: Балам оқу озаты еді. Қалай осы темекімен
достасты, сабақ ұқпайтын, жарыстарға қатыса алмайтын әлжуаз болып қалды.
Кішкене жүгірсе ентігіп, жөтелетін.Темекі, жалғыз баламның өмірін қидың, балам
өкпе рагіне шалдықты. Енді жалғызымнан айрылдым, мен үшін өмірдің мәні де, сәні
қалған жоқ. Шаңырағым ортасына түсті.
Куә орманшы: Төртеулеріңнің бастарың біріксе,
жүрген жерлеріңді жайпап жүресіңдер. Табиғаттың жауысыңдар. Қанша орман,
егістік, үйлерді өртеп, адамдарды бақытсыздыққа ұшыраттыңдар.
Сот: Аруақ. Сіз соттан араққа қандай жаза
қолданса деп ойлайсыз?
Аруақ: Мен бұл өмірден өткен пендемін, өзім
туралы айтайын.Бақытты едім. Балам, үйім бәрі-бәрі бар еді.Жұбайым да, мен де
ғалыммын. Міне, осындай бақытты өмірімді сырып қойып, әзәзіл арақтың жетегінде
кеттім. Ішпе деген ешкімді тыңдамадым. Емдетейік деді, ауру емеспін дедім.
Жылдар өтті. Анам бұл өмірден өтті. Жұбайым мен балам мені тастап, шетелге
жұмыс істеуге кетті. Көрсін, жалғыздықтың қандай екендігін, сонда ақыл кіріп,
қояр арақты деген ғой. Сонымен жалғыз қалдым. Үйде ешкім жоқ, арақ тіптен
басынып, үйдің бір кілтін сұрап алды. Олар кеткен күні арақтың бірнешеуі келіп
тоқым қақтық. Күнде арақпен құшақтасып, ұйықтап жүрдім. Ақша бітті, енді үйдегі
заттарды сатуға көштім. Бірде араққа қатты тойып ұйықтадым.Сол ұйқыдан
оянбадым. О дүниеге аттандым. Осы көрші көрінбейді ғой деп көршілер милиция
шақырып есікті бұзып ашып, маған аса бір жиіркенішпен қарады. Мен өз өлімімді
арақтан көремін. Құрысын арақ, міне осылайша қор болып, қадірімді кетірдім. Айналайын
балаларым, жоламаңдар араққа, араққа, араққа.
1-жүргізуші: Қайсар сен білесің бе? Темекінің пайдасы бар екен.
2-жүргізуші: Жоқ, әпкей қандай пайдасы бар екен?
1-жүргізуші: Бір данышпан темекі туралы сұрағанда «мен
темекінің үш жақсы жағын білемін» депті:
Біріншісі, темекі шеккен адамның үйіне ұры түспейді.
Екіншіден, темекі шеккен адамды ит қаппайды.
Үшіншіден, шылымқор жан мәңгі жас болып көрінеді.
Мұны дәлелдеп беріңіз дегенде:
... Темекі тартқан адам түнімен күркілдеп жөтеліп шығады. Түнде келген ұрылар болса үйде ояу адам бар екен ойлап, кері қайтады. Көп жөтелген адамның белі бүгіліп, ерте таяқ ұстауға тура келеді. Таяқ ұстаған адамнан қабаған ит те жасқанады. Темекіні көп тартқан адам ерте қайтыс болады. Мәңгі жас болып өтеді дегенім осы,- деген екен.
2-жүргізуші: Қызық екен темекінің де пайдасы бар екен. Енді темекінің зияны туралы тыңдайық.
Айбар:
Темекінің зияны туралы не білеміз?
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша темекі тарту зардабынан жыл сайын 5 миллион адам қайтыс болады екен. 2027 жылы темекі зардабынан қайтыс болғандар саны 10 миллионға жетеді деген болжам бар. Соңғы уақытта темекі тартатындар арасында көмейдің қатерлі ісігі 6 - 10 есе, өңештің ісігі 2 - 6 есе жоғары. Бір түйір темекі тартқан адам 0, 4 - 3, 5 мг улы никотин қабылдайды да өз өмірін 15 минутқа қысқартады.
Темекіден ауаға жылына 720 000 тонна күкірт қышқылы, 384000 тонна аммиак, 180000 тонна никотин, 660 000 тонна темекі майы, 550000 тоннадай иісті газ шығады. Темекі кез - келген ауруды ушықтырады, жүйке қызметін бұзады.
Салмағы 1 мг темекіде 10 - 15 мг никотин болады. Темекі шоғының қызуы 300 градусқа жетеді. Оны сорғанда ауызда 60 градусқа дейін температура пайда болады. Бұл ауыз, өңеш, кеңірдек, тыныс жолдары мен асқазанның шырышты қабығының нәзік жасушаларын күйдіреді. Темекі шеккен адам темекі шекпеген адамнан 10 - 15 жыл аз өмір сүреді.
Алғабас Жанат:
Темекі тартқаның – өзіңді құртқаның!
Келді кеше жаңа тарих, жаңа
заман,
Әлемді бір серпілткен сара заман.
Халқым менің оянып көзі ашылып,
Қуанамын бүгін міне дәл осыған.
Дегенмен де істер көп шешімі жоқ,
Мен білгеннен әліде білмесім көп,
Бүгіннің жастары ақылды ғой,
Санасыз да жетеді шашылған сөк.
Жалқаулар бар арамызда, бірі сараң,
Екі қолға бір күректе таппаған.
Шылым шегіп тәуелді боп нашаға,
Өзін дерлік жіпсіз ғана байлаған
Шылым деген тірі жүргеннен өлгенің,
Ойын емес өзіңді де бөлгенің.
Паравоздай мәз болып бұрқырап
Мүйіз шығып жатқанын да көрмедім.
Әуелгі байлық денсаулық деген бұл бабам,
Кемтарлар бар өмір бақи сорлаған.
Мәнін біліп он екі мүше қадірін,
Байқамадым шылымнан бір арланған.
Шөпті тартып бөленесің тағажайып елеске,
Көрінесің бұл өмірге енді қайтып келмеске.
Білсең егер айтшымаған шындығын,
Пайдасынан зияны көп емеспе.
Достарым, ағаларым, әпкелерім,
Із салып соңдарыңнан мен еремін.
Таза жолдан адаспай тура жүрсек,
Шығамыз бұл тұзақтан деп сенемін.
1-жүргізуші:Ата - бабаларымыз ешқашанда ащы суды серік етпеген, ол кездегі адамдарға салауаттылық жайлы әңгіме өткізудің қажеті болмаған. Ойын - тойдың сәнін ашып, көркін келтіретін спорттық ойындар мен ән - жырдың шашылған шашуы небір дүбірлі бас қосулардың әрін келтіріп, адамдардың көңіл-күйін тасытқан.
2-жүргізуші: Елімізде мектеп жасындағы балаларға ішімдіктер мен темекі сатуға болмайтыны заң болғанымен, бұл тәртіптің сақтала бермейтіндігіне жасөспірімдердің темекі шегуінің өзі үлкен дәлел болмақ. Бұл жөнінде мамандар «заңды күшейту керек, немесе «балалардың темекіге үйір болуы оның бағасының арзандығында» деген сияқты пікір тудыруда.
Рөлдік ойын «Дәрігерге шағым»
Арақ ішетін адаманың ағзаларының дәрігерге келуі. Ағзалардың бірінен соң бірі сөйлеуі.
(Бірнеше оқушылар ішімдік, темекі, есірткі адамның ағзаларына қалай әсер ететінін әңгімелеп, рөлдік ойынды көрсетеді)
Дәрігер: Сізге не болды? Ес-түсіңізді білмейсіз ғой?
Бауыр: Мына адам темекі мен есірткі шегеді, арақ ішеді. Бұдан былай шыдай алар емеспін. Арақты ішкен сайын мені келіп күйдіреді, жандырады. Арақты қанға айналдырып қорытар жағдайым жоқ. Сап – сары болып өлуге даярмын. Дәрігер, мені емдей көріңіз!
Өкпе: Менің көрген күнімді жауыма да тілемеймін. Адам темекі шеккен сайын демалуға шамам келмейді. Жүрекке бұдан былай таза ауаны жеткізе алмаймын. Өкпемнің сау тамтығы қалмады. Өкпе қатерлі ісік ауруынан өлуге аз-ақ қалдым. Дәрігер, мені емдей көр!
Жүрек: Маған жақсы жұмыс істеу үшін таза қан мен таза ауа керек. Қанның орнына ішкенім арақ, таза ауаның орнына демалғаным – никотин мен есіркі уы. Адамның барлық ағзалары ауру. Өлуге аз-аз қалдым.
Дәрігер, мені емдей көр, жалынамын!
Ми: Адам арақ ішіп, темекі мен есірткі тартқанда қатты өзгеріске ұшыраймын. Адамды басқаруға шамам жетпей қалады. Мінез –құлқым өзгереді, арақ ішкен кезде адам төрт күйге түседі.
(Суретін көрсете отырып әңгімелейді.) «Ә» дегенде адам тотықұсқа ұқсап, жұрт көзіне түсуге тырысады, оның қимыл –қозғалысы да кербез әрі керім болып келеді. Содан соң маймылдың қылығын шығарады. Елдің бәрімен қалжыңдасып, қылжақтай бастайды. Одан кейін арыстан кейпіне кіріп, тәкәпарланып, өз күшіне сенген өркөкірекке айналады. Бірақ ол ең аяғында «шошқа» болып батпаққа аунайды. Жер бетінде қаншама жан-жануар бар десейші. Соның ішінде адам ең ақылды, керемет деуші еді. Бірақ адам ең ақымақ па деп кейде ойға кетем. Адамның миы болғаннан қатты қажыдым. Дәрігер, мені емдей көр, жалынамын!
Дәрігер:Алкоголь барлық ішкі құрылысқа әсер етеді, оларды уландырады. Арақ ішу – адамның өз қолымен өз өмірін 15, 20 жылға қысқарту болып табылады. Алкоголь адамның қорғанышын төмендетеді. Оны тоқтатпай жұқпалы аурулар, оның ішінде құрт ауруынан құтылу мүмкін емес. Жүрек соғу жылдамдайды, тынысы тарылады, еңбекке қабілетсіз болады, тез шаршап –шалдығады.
Ішкен адам айналасындағы адамдардың мазасын алады. Сондықтан ішу деген жалғыз бастың емес, ол –қоғамның мәселесі.
Арақ ішетін адамның бес баласы болса, оның төртеуі ауру болып туылады. Ал төрт баладан есейген соң дені сау бала туатынына кім кепіл?
Мен қазір «Жедел жәрдемге» телефон соғып, зиянды әдеттерге әуестенген адамдарға тез арада көмек көрсетсін.
Ерасыл: Есірткілік заттардың зияны
Есірткі - бұл адамның көңіл - күйін, сана - сезімін, мінез - құлқын бұзатын қауіпті, тыйым салынған химиялық зат. Ол адамның есін алып, құмарлық желігіне ұшыратады, нашақор есірткісіз өмір сүре алмайтын бейшара халге түседі. Есірткінің негізгі түрлеріне апиын, кокаин, көкнәр, марихуана, гашиш және тағы басқалар жатады. Барлығы да адам ағзасы мен психикасына әсер етіп, зақымдайды. Мұны «мидың қатерлі рагы» дейді. Егер ол асқынып кетсе, адам деградацияға, яғни дағдарысқа ұшырайды. Онда «мен» деген нәрсе болмайды, «балам бар - ау», «әке -шешем мен үшін жүгіріп жүр -ау», «ел-жұртқа не деймін?» деген сұрақтарға есеп бермейді. Жасөспірімдерді құрыққа түсіру үшін таратушылар түрлі айла – шараға барады. «Бір рет иіскеп көр, одан ештеңе болмайды», «Нашақор дегендер тамырға енгізеді, сен өйтпейсің , бұл жәй нәрсе, ұнаса көресің, ұнамаса тастайсың» деп әбден бастарын айналдырады. Адамды ә дегенде тәуелді етіп қояды.
Қарақат:Есірткілік заттардың барлық түрлерінің де әсері бірдей. Бәрібір қанға түседі, бәрібір сана уланады. Көп шеккен адамның миы құрғап кетеді. Нашақорлар «иіскеген ештеңе емес , мұрынға тұрып қалады» деп қателеседі, тамырға салмасаң болды, зиянсыз деп ойлайды. Шын мәнісінде айырмашылық жоқ. Иіскеген кезде ләззат үшін 0,5 грамм қажет болса, тамырға салғанда 0,1 грамнан - ақ ләззат алады. Бірінші рет көргенде ләззат алады, сосын ағза тәуелді болып іздеумен өтеді. Қолданбаса ұйқысы бұзылады, буын-буыны сырқырайды. Сөйтіп, бара - бара тек ауырмау үшін іздейді. Есірткіні алғаш қолданар алдында, ең алдымен, ойлан. Ол ешқандай жақсылық әкелмейтінін ұмытпа. Егер сен қызық ретінде есірткі сатып алған болсаң, одан тез құтылуға асық. Танысың қанша жерден үгіт жүргізсе де қарсылық таныт.
Аяжан:
Нашақорлық – ғасыр дерті
Отаным – Қазақстан егеменді
ел,
Қазағым жомарт менің, береген ел.
Қазағымның атсақ деп таңы болып,
Келеміз болашаққа елендеумен.
Қаршадайдан білім қуып біз өскен,
Қазақ елі дамуға бет түзеген.
Бүгін мына жаудай тиген халқыма
Мен заманның дертіменен күресем.
«Нашақорлық – дерт десем» таңданбандар,.
Бұзылғаның, ағайын, наша шегіп,
Ел артында керексіз қалғандығың.
Бас игеннің санасын сөндіретін,
Нашақорлық дерті мынау ғасырдың,
Қауіпті ел мен ұлтқа төңдіретін.
Өнер – білім жиырма бірінші ғасырыдың
Жылдар сайын ұлы айбыннын асырдың.
Нашақорлық қайғы болып халыққа,
Дамуына тұсау болар ғасырдың.
Ойлан, жасым,
Әуес болсаң көп істерге селтеңдеп,
Жанарыңда қайғы тұрар мөлтендеп.
Душар болып нашақорлық дертіне
Қалма артыңы қасіретті мол теңдеп.
Егеменді елің барда Қазақтайын,
Жыр ете бер еліңді, қазақтарым,
Қарсы тұрып мынау ғасыр дертіне
Өсиетін ата – баба сақта, ағайын.
Бекзат: Денсаулық туралы мақал-мәтелдер
1-жүргізуші:Ал, енді барлығымыз «Денсаулық» сөзінің әрбір әрпін салауатты өмір салтын
ашатын,сипаттайтын сөздермен, сөз тіркестерімен, сөйлемдермен өрнектейік.
Д-демалу
Е-еңбектену
Н-нашақорлыққа жоламау
С-салауатты өмір
А-алғырлық
У-уайымсыз өмір
Л-лайықты өмір
Ы-ынта
Қ-қозғалыс