Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев атындағы Ойық ауылының орта мектебінде
01.8-30.09.2023 «Мектепке жол» жалпы республикалық қайырымдылық акциясы 1 тамыз бен 30 қыркүйек аралығында өткізіледі «Мектепке жол» дәстүрлі жалпы республикалық қайырымдылық акциясы «Жақсылық жаса!» ұранымен ұйымдастырылады. Акцияның мақсаты – аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған оқушыларға жаңа оқу жылына дайындық кезеңінде және әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке бармауының алдын алу үшін әлеуметтік көмек көрсету.