29
июль
2024
«Мектепке жол» республикалық акциясына қатысуға шақырамыз!

Құрметті Жамбыл облысы Талас ауданы Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев атындағы Ойық ауылы орта мектебінің түлектері, Сіздерді «Мектепке жол» республикалық акциясына қатысуға шақырамыз! «Мектепке жол» республикалық акциясы мектеп оқушыларын жалпыға бірдей міндетті біліммен қамтамасыз ету мақсатында өткізіледі. Қазақстан Республикасының әрбір азаматы халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан балаларды мектепке дайындауда атаулы көмек көрсетуде азаматтық белсенділік таныта алады, әрбір балаға шынайы қамқорлық пен назар аудара алады. Акцияның мақсаты – аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан оқушыларға, жетім балаларға, сондай-ақ ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға оқу жылының басталуына дайындық кезінде материалдық қолдау көрсету және әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке келмеуінің алдын алу. Акцияның басталуы 2024 жылдың 1 тамыздан бастап, аяқталуы - 2024 жылдың 30 қыркүйегінде деп жоспарлануда. Мектепте сабақ басталғанға дейін бір айдың шамасында уақыт қалды. Сіздің қайырымдылық көмегіңіз игі іске жұмсалып, қиын жағдайға тап болған балаларға оқу жылына дайындалуға көмектеседі. Барлығыңызға қатысқандарыңыз үшін алдын ала алғыс айтамыз! Азаматтардың өтініштерін қабылдау 87751664672 Аманбаев Ескали Қамқоршылық кеңес төрағасы 87024704352 Молдабеков Жандар