Жандос Қонысұлы Бүркітбаев мектеп түлегі

Жандос Қонысұлы Бүркітбаев
1971 жылы 27 ақпанда Жамбыл облысының, Талас ауданының, Ойық аулында дүниеге келген.
Білімі.
1978 жылы Жамбыл облысының, Талас ауданының, Ақкөл ауылының Ақкөл орта мектебінің бірінші сыныбына барды.
1988 жылы Жамбыл облысының, Талас ауданының, Ақкөл ауылының Ақкөл орта мектебін медальмен бітірді.
1989 жылы Қарағанды мемлекеттік медицина институтының емдеу факультетіне түсті.
1995 жылы Алматы мемлекеттік медицина институтының емдеу факультетін бітірді.
2001-2003 жылдары Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «Мемлекеттік және жергілікті басқару» факультетінде оқыды, оны бітіргеннен кейін «Менеджер» біліктілігі берілді.
2003-2007 жылдары Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік академиясында «Фармация» мамандығы бойынша оқыды, оны бітіргеннен кейін «Провизор» біліктілігі берілді.
Ғылыми дәрежесі.
Медициналық ғылымдар кандидаты.
2003 жылы «Қан қызметін қазіргі әлеуметтік-экономикалық жағдайда жетілдіру» тақырыбындағы диссертацияны қорғады.
Н.И.Пирогов атындағы Ұлттық медициналық-хирургиялық орталығының докторанты және медициналық ғылымдар докторы болып табылады.